МТРА жаңалықтары

Қой жылы “Қазақстан халқы ассамблеясының” жылы деп жарияланды

Илья Райцинов, “Тепловик” ЖШС директоры

– Мен Украинада тұрдым. Ол мемлекет ұлтқа бөлінеді. Қазақстанға келгенде ұлтың кім деп сұрамады да. Барлығы тең дәрежеде, құқықтары да бір. Біздің еліміз өзге мемлекеттерден осы қасиетімен ерекшеленеді. Бұл менің Отаныма айналды.

Илья Райциновтың отбасы- интернационал жанұя. Келіншегінің ұлты тувин. Ал, күйеу баласы- орыс. Келіні поляк ұлтынан екен. 80-ді алқымдап қалған Илья Райциновтың достары да “Тілі басқа-тілегі бір, жүзі басқа- жүрегі бір” жандар. Бүгінгі күні өз сүйікті кәсібін дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкердің қол астында 5 адам жұмыс істейді. Солардың арасында бригадир Александр Федотов та бар.

Александр Федотов, “Тепловик” ЖШС бригадирі

– Менің мұнда еңбектеніп жатқаныма 31 жыл болды. Жұмысым өзіме ұнайды. Ұжымымызда тату. Біз мектептер мен ауруханаларға жылу қазандықтарын дайындаймыз.

“Тепловик” ЖШС өнімін қазақстандықтар ғана емес көрші Ресейде де тұтынады екен. Өткен жылы мұндағылар 22 млн. теңгенің тауарын саудалаған.

Ахметова Бану.