Денсаулық сақтау

“Ауруларды басқару бағдарламасы” пилоттық жобасы

Крис Роушер – (CSIH) халықаралық денсаулық сақтау жөніндегі канадалық ұйымның АББ бойынша кеңесшілер командасының қосарлас басшысы

– Біз қолданып отырған тәсіл АҚШ, Канада және өзге қалаларда нақты нәтиже көрсетті. Оның тиімді екенін айғақтайтын дәлелдер бар. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік банк өкілдерімен бірге ауруларды басқару бағдарламасын дәрігерлердің клиникалық жұмысына ендірудің маңызын талқылап болған соң оны қолға алуды ұйғарды. Бізді осы ретте медициналық қызметкерлерге кеңес беру үшін шақырып отыр.

Басты мақсат – дәрігердің жұмысын емделушіге барынша көңіл бөлу арқылы тиімді ете түсу, науқастың медициналық тұрғыдан алып қарағанда өз-өзіне деген жауапкершілігін арттырып, жалпы жағдайын жақсарту. Қазіргі уақытта қаладағы аталған емханаларда
дәрігер, медбике және әлеуметтік қызметкерлерден құралған арнайы – мультидисцилинарлық топтар жұмыс істеуде. Емделушілердің тізімі де бекітілген. Әрқайсысында – 100 адамнан.

Марина Шараварина – №3 қалалық емхананың кардиологы

 

– Канадалық қонақтар ұсынып отырған индикаторлардың барлығын тәжірибемізде енгізуді көздеп отырмыз. Оларды қолдануға болады. Бірақ, олардың біздегі өмір сүру жағдайын, емдеу әдісін есепке алып, соған бейімдеу қажет.

Наталья Сулейманова – Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының бөлім басшысы, Алматы қаласы

 

– Бұл жобаға үлкен үміт артылып отыр. Өйткені, оның негізінде дәрігер мен емделушінің арасындағы серіктестік қарым-қатынас жатыр. Нәтижесінде денсаулықты сақтауға арналған бағдарламалардың тиімділігі артып, тұрғындар емдеу барысына белсене қатысады.

Доктор Крис Роушердің айтуынша күткендегідей алғашқы нәтижелерге қол жеткізу үшін бірнеше жыл қажет.

Крис Роушер – (CSIH) халықаралық денсаулық сақтау жөніндегі канадалық ұйымның АББ бойынша кеңесшілер командасының қосарлас басшысы

 

– Осы бағдарламаны іске асыруда жергілікті дәрігерлердің науқастарды ауруханаға жатқызу бойынша тәжірибесін пайдаланымыз. Осы ретте осындағы мамандардың кәсібилігі мен бағдарламаны ендіруге деген құлшынысының зор екенін атап өткен жөн. Бұның барлығы бұл жұмысты атқаруда үлкен септігін тизігеді.

Бұл бағдарлама қазіргі уақытта біздің өңірден басқа Павлодар облысында да қолданылуда. Оқыту тренингтері жыл бойына жүргізіледі. Егер айтарлықтай нәтиже болып, пилоттық жоба сәтті жүзеге асып жатса онда ол бүкіл Қазақстан көлемінде енгізілмек.

 

 

Данаш Хамзина.