Құқық қорғау органдары

Полицейлер мен мемлекеттік емес күзет қызметтерінің әріптестігі

Владимир Бубенко – СҚО әкімінің орынбасары

– Күзет агенттіктері қызметкерлерінің біліктілігі өте маңызды. Бүгінгі күні күзетшілер тәртіп сақшылары мен қоғамды байланыстыратын көпір іспеттес. Сондықтанда сіздердің алдағы жұмыстарыңыз табысты болсын деймін.

Бүгінде облыста 90 жекеменшік күзет ұйымы тіркелген. Қазіргі таңда облыс бойынша күзет қызметкерлері мен тәртіп сақшыларының бірлескен жұмыс нәтижесіде жаман емес. Мәселен, өткен 2014 жылы 56 қылмыстың беті ашылып, 979 заңбұзушы ішкі істер органына жеткізілді.

Серік Едіресов – СҚО ІІД бастығының орынбасары

–  Бүгінгі кездесуіміздің мақсаты полицияның облыстағы күзет құрылымдарымен өткен жылы бірлесіп жасаған жұмыстрды және ондағы проблемалық мәселелерді қарау. Қазіргі таңда күзет қызметкерлері полицейлермен бірлесіп қоғамдық тәртіпті сақтайды. Өткен жылы күзетшілер 958 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.

Кездесуде ішкі істер органдарымен қоян қолтық жұмыс істегені үшін барқатар күзет агенттіктері өңірдің бас полицейі Берік Біләловтың грамоталарымен марапатталды. Араларында “Күзет” ЖШС Петропавл филиалының қызметкерлері де қошеметке бөленді. Бүгінде аталған ұйымның сапында 170 адам мен 3 бірлік машина бар. Олар облыс орталығындағы 21 нысанды күзетеді екен.

Әбжат Темешев – “Күзет” ЖШС Петропавл филиалының директоры

– Бізді көптен толғандырып жүрген мәселелер шешілді. Осындай семинарлар алда бола берсін. Былтырға жылы біздің қызметкерлерімізбен 7 қылмыс ашылып, барлық іс сотқа берілді. Енді ары қарайда жұмысты жалғастырамыз.

Жиын соңында күзет қызметкерлері мен тәртіп сақшыларының қылмыстармен күресуі жайлы бейнефильм көрсетілді.

 

 

Риат Шони.