Өнеркәсіп

Облыс орталығында жылыту маусымы кестеге сәйкес жүргізілуде

Дмитрий Андреенко – «Севказэнерго» АҚ 2-ЖЭО машинисі.

– Бұрын машинистің көмекшісі болып қызмет атқарған болатынмын. Сонда тетіктердің барлығын жіті бақылап, меңгеріп алдым. Қазір негізінен мұнда будың қысымын байқап отырамын. Егер ол тым көтерілетін болса, бірден арнайы сигнал беріледі. Бұдан соң олқылықты анықтап, ақау шығып жатса, қалыпқа келтіреміз.

2014 жылы мұнда бірқатар шаруа тындырылыпты. Қондырғыланды қайта жаңғыртуға арналған жоспар тиісті деңгейде орындалды. Желтоқсан айының соңында мұнда жаңа қазандық іске қосылған. Қондырғының арқасында бу шығару қуаттылығы сағатына 270 тоннаға дейін жоғарылады. Бұл кәсіпорынның көмірге жұмсайтын шығынын 3 мың тоннаға дейін азайтуға сеп болып отыр. Жалпы мамандар қазір жылыту маусымы кестеге сәйкес жүргізіліп отырғандығын айтуда.

Радий Айтикеев- «Севказэнерго» АҚ 2-ЖЭО бас инженері.

– Ешқандай проблема жоқ. Тәулігіне 9 мың тонна көмір жағамыз. Бүгінгі күні көмір қоры 135 мың тонна. Бұл 18 күнге жеткілікті. Мұнымен қоса, 170 күнге жететін мазут қоры бар.

1961 жылы тұрғызылған кәсіпорынның қондырғылары уақыт өткен сайын жаңасына алмастырылуда. Биылғы жылы жылу электр орталығында 2 трубина жаңғыртылып, тағы біреуіне күрделі жөндеу жүргізілмек. Мұнымен жұмыстар шектіліп қалмайды.

Джакупов Самат.