Қоғам

Менің Қазақстанным» атты облыстық фестиваль өтті

Рита Галимова- байқауға қатысушы, Жамбыл ауданы

– Біздің елімізде 130- дан астам ұлт өкілдері тұрады.Олардың тілін, дінін, салт-дәстүрін сақтауға еш тйым салынбаған. Бізде ауданда 7 этно-мәдени орталық бар. Қазақ әндерін жақсы көремін, Сондықтан ылғи шырқап жүремін.

Ал келесі қатысушылар Айыртау ауданынан келіпті. Бұл дуэт Қазақстан сынды бірлігі жарасқан елде тұратындықтарын және түрлі дарындарды дүниеге әкелген аймағымызбен мақтанады. Сондықтан жерлес композитордың әнін таңдаған.

Анар Мұсабаева- байқауға қатысушы, Айыртау ауданы

– Біз Ақан серінің «Балқадиша» әнін таңдадық. Өйткені Ақан сері біздің ауданның тумасы. Сондықтан осы әнді айттық.

Жалпы «Менің Қазақстаным» атты фестивальге өңір аудандары мен облыс орталығының өнерпаздары қатысты. 12 үміткер сахнада қазақ әндерін қалықтата шырқап, елімізде шынымен де түрлі ұлт өкілдерінің татулықта, бірлікте тұратындығын паш етті.

 

Магжан Ахмадина.