МТРА жаңалықтары

Кейбір қоғамдық көліктердің бағыты өзгерді

– Мен Ш. Уәлиханов көшесінен 25 автобусқа отырдым. Сосын өзіме қажетті Есіл аялдамасынан түсіп қалдым. Бұл қоғамдық көлікпен бірінші рет жүрсем де маған ыңғайлы.

25-ші шағын автобусымен қатар 1т қоғамдық көлігінің де жүру кестесі өзгерді.

Азат Бейсембин, Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы

-1Т бағытындағы автобус қазіргі күні өнеркәсіптік аймаққа дейін жолаушыларды тасымалдауда. Ендігі кезекте, Ғ.Мүсірепов көшесімен өтеді. Бұл жылу энергия орталығының жұмыскерлерін тасмалдау үшін жасалынып отыр. Бірақ, автобустың қалған жүру сызбасы өзгертілген жоқ.

Тұрғындардың өтінішіне байланысты 19-ші шағын автобустың да жүру сызбасы өзгертілмек. Әзірге жолаушы тасмалдаушылардың ешқайсысы бұл бағытта қызмет көрсетуге ниет танытып отырған жоқ. Жүру сызбасы өзгеретін 19-ші шағын автобус Заречный мен Береке кенттеріне жолаушыларды тасымалдайтын болады.

Галина Семенова, «СҚО жолаушылар тасымалы» қауымдастығының төрайымы

– Қалалық әкімдіктің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімімен 3-ші байқау ұйымдастырылып отыр. Оның қорытындысы бойынша 19 м бағытына қандай жолаушы тасмалдаушы қызмет көрсететіні белгілі болады. Бұл автобустың жүру сыбасын өзгерту әлі қайта қарастырылады.

Мұндай өзгеріс тағы 4 бірдей 2-ші, 9, 22, 24 шағын автобусты да айналып өткен жоқ. Қоғамдық көліктердің барлығы енді, мамандандырылған ХҚКО мен “Назарбаев интелектуалдық” мектебінің аялдамаларына тоқтайтын болады. Әзірге мұнда аялдамалық павильондар қойылмаған. Қалалық әкімдіктегілер мамыр айына дейін бұл олқылықтың орнын толтыратындықтарын айтады. Жалпы облыс орталығында бүгінгі күні 11 жолаушы тасмалдаушы тіркеліп отыр.

Ахметова Бану.