МТРА жаңалықтары

Зинаида Табакованың жаңа туындысы жарыққа шықты

Зинаида Табакова – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор.

– Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүргенде тілдері мен мәденеті өзара ықпалдасып, әрекет етеді. Бұл күнделікті қолданатын сөздерде ғана емес, сонымен қатар поэзияда айқын байқалады. Мәдениеттегі мұндай толғаныс тек СҚО-да ғана емес, бүкіл әлемде орын алады. Бұл жөнінде оқып, білген жөн. Тек сонда ғана этникааралық қарым-қатынастардағы сұрақтар оңтайлы шешіледі.

Кітап Германияда жарыққа шыққан екен. Айта кету керек “Palmarium” баспа үйі тек академиялық деңгейдегі зерттеулік жұмыстарды жариялайды. Айта кету қажет Зинаида Табакованың бұл оқулығы бүгінгі күні әлемнің 52 мемлекетінде сатылымға шықты.

Лариса Бочкова – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ орыс тілі және әдебиеті кафедрасының доценті.

– Зинаида Петровна орыс әдебиетінен бөлек қазақ ақын-жазушыларының туындыларын да жақсы біледі. Орыс тілін зерттеуге түрік компоненті негіз болды. Профессор Владимир Шестериков, Бахытжан Конопьянов, Альфред Прянниковтың туындыларын зерттеген. Ал бұл саралау бізге ақынның ішкі жан дүниесін ұғынуға мүмкіндік береді.

Жаңа оқулыққа Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының студенттері де шолу жасап шықты. Енді болашақта бұл кітапты педагогтар «Қазақстан – этноконфессияаралық келісімнің моделі» атты арнайы курста пайдаланбақ.

Людмила Гривенная – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі.

 

– Биыл Елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялаған болатын. Сондықтан бұл туынды бізге нағыз керек кітап. Айта кеткен жөн туынды тапсырыс бойынша дайындалған жоқ. Зинаида Петровна орыс туындыларындағы қазақ сөздерінің қолдануын жылдар бойы зерттеді. Ол осыдан бірнеше жыл бұрын мәдениет пен тілдердің өзара сіңісетіндігін байқады.

Жаңа туынды жастарды патриоттыққа тәрбиелеп, түрлі халықтардың мәдениетін құрметтеуге және Солтүстік Қазақстан облысының шығармашылығын танып білуде тапсырмас құрал болатыны даусыз.

Джакупов Самат.