Білім

Жолдауға Қазақ-түрік лицейнің ұжымы үн қосты

Ержан Әбубәкіров, дарынды балаларға мамандандырылған Қазақ- түрік лицейінің директоры

– Үш ауысымдағы мектептерді жою үшін бюджеттен қосымша 70 млрд теңге бөлінеді. Және қосымша балабақшасы проблемасын шешуге де 20 млрд теңге бөлінбек. Бұл қуантарлық жағдай. Жалпы жолдау біз үшін бағдар болып табылады.

Бүгінгі күні қазақ-түрік лицейінде 229 оқушы бар. Оларды 24 педагог білім нәрімен сусындатуда. Жастардың сапалы білім алуына мұнда барлық жағдай бар. Оқудан тыс оқушылар түрлі үйірмелерге қатысып, уақыттарын тиімді өткізе алады.

Ержан Әбубәкіров, дарынды балаларға мамандандырылған Қазақ- түрік лицейінің директоры

– Тек қана білім беру жеткіліксіз. Біліммен қоса тәрбие мен денсаулық та керек. Бізде мектепте волейбол, футбол, каратэ, би, тоғыз құмалақ, шахмат үйірмелері бар.

Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі. Сондықтан да Елбасы жастарға көп үміт артады. Бұны кейінгі ұрпақ айқын сезінетіндей. Олар президент жүктеген міндеттерін орындауға әзір екендіктерін алға тартуда.

Әйгерім Қалиева, дарынды балаларға мамандандырылған Қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы

 

– Мен елбасының тапсырмаларын орындауға тиіспін. Ол үшін оқуымды бітірген соң инженерия саласында білім алғым келеді. Сөйтіп елімі өз үлесімді қоссам деймін.

Айта кету керек, мектепте үш тілділікке айырықша мән берілген. Және түрік тілінде де балалар оқытылады. Биыл мектептің 8 оқушысы алтын белгіге үміткер.

Ахметова Бану.