Спорт

Тәртіп сақшылары жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден жарыс ұйымдастырды

Владислав Гертель – №23 орта мектеп оқушысы

– Маған жарысқа қатысқан өте ұнады. Түрлі ойындар болды. Спортпен шұғылдансаң, денең шымыр болады. Сондықтанда мен спортты таңдаймын.

Мұндай спорттық жарысты есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері жасөспірімдердің арасында ұйымдастыруды мақсат еткен. Себебі, өскелең ұрпақ өкілдерінің арасында нашақорлыққа бейімделіп, салауатты өмір салтын ұстанбайтындар баршылық.

Диана Смағұлова – Петропавл қаласы ІІБ есірткі бизнесімен күрес бөлімінің аға жедел уәкілі

– Біздің басты міндетіміз – өскелең ұрпақты құқыққа қайшы әрекеттерден, заңсыз есірткі айналымы мен психотропты заттардан арашалау.

Жалпы спорттық жарысқа облыс орталығындағы екі білім ошағынан үш хоккей командасы қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары талантты жастарға естелік сыйлықтар мен спорттық құрал-жабдықтарын табыстады.

 

Риат Шони.