Денсаулық сақтау

СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментi өткен жылдың қорытындысын жариялады

Лариса Телюк – №1 қалалық емхананың терапевтік бөлім меңгерушісі

– Жедел респираторлық ауруларға шалдыққандардың санын өткен жылдың қаңтар айымен салыстыратын болсақ, №1 қалалық емханада бұл көрсеткіштің өскені байқалады. Былтыр мереке күндері 11 факті болса, биыл олардың саны 22-ге жетті. Ал соңғы аптада 54 науқас тіркелді. Оның ішінде 8-і тұмауға шалдыққан.


Ауа арқылы ағзаға таралатын жұқапалы кеселден ешкім қорғалмаған. Одан тек вакцина егу арқылы ғана сақтануға болады. Бұл шараны жүргізу үшін былтырғы жылы облыстық бюджеттен бөлінген 47 млн теңгеге жуық қаражатқа 64 мыңнан астам вакцина алынған. Жедел респираторлық ауруға қарсы өңірде 68 мың 552 адамға екпе жасалған, оның ішінде 26 мың 182-і балалар.

Юрий Пузиков- СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментi басшысының орынбасары

– Жедел респираторлық аурулармен негізі кішкентай балалар ауырады. Соңғы аптада өңірде 422 солтүстікқазақстандық балалар аталған індетке шалдыққан. Оның ішінде 159-і мектеп оқушылары. Бұл айтарлықтай қауіпті жағдай емес. Өйткені бұл аурулардың жалпы көрсеткішінің 65,5 пайызын құрайды. Ал эпидимиологиялық індеттер артқан кезде науқас балалар 80 пайызға дейін жетеді.

Жалпы 2014 жылы облыста 32 мыңнан астам солтүстікқазақстандық жедел респираторлық ауруға шалдықса, 62 адам тұмаумен ауырған.

Риат Шони.

le=’|� se�V @W acter:line-break’>

 

– Қазір күн райының құбылмалылығынан көпқабатты үйлер ғимараттар төбесінде сүңгілер пайда болуда. Бұл ең біріншіден, тұрғындар мен сол маңнан өтіп бара жатқан адамдарға қауіп төндіреді. Пәтер иелерінің көбісі бұл шаруаны тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына жүктеп қояды. Бірақ, шындығында олай емес.

Сондықтан өзіңіз тұратын көпқабатты үй төбесінде сүңгі мен мұздарды байқасаңыздар, бірден баспанаңыздағы пәтер иелері кооперативіне жүгінген абзал.

 

Бакыт Садуакасов.