Денсаулық сақтау

Өңір кардиохирургтары жеткен жетістіктер

Виктор Пахомов

– Қазір жағдайым жақсы. Маған жасалған ота 1 млн 700 мың теңге тұрады екен. Мемлекеттің осындай бізге қаржы жұмсап, адамдардың денсаулығын түзеп жатқаны жақсы. Дәрігерлер білікті, қызмет көрсететін мамандар да жұмысқа тиянақты.

Ал ангиография бөлімшесінде қазір ақхалаттылар тағы бір солтүстікқазақстандыққа ота жасауда. Осыдан 2 жыл бұрын 80 жасар тұрғынға ота коронарлық шонтылау жасалыпты. Ал соңғы кездері науқастың жүрегі тағы ауыра бастаған. Содан ол кардиохирургтардың көмегіне жүгінген екен.

Мақсат Құдратуллаев- облыстық кардиологиялық орталықтың бөлімше меңгерушісі

– Қазір каранарография жасап жатырмыз. Кейін сол арқылы тексеріп, тағы не жасау керектігін қараймыз.

Өткен жылдан бастап мұндағылар бауырдағы ісікті кішірейтетін жаңа әдіспен тұрғындарды емдеуді бастаған. Ондай оталар онкологиялық диспансер мамандарымен бірлесіп жасалады екен.

Мақсат Құдратуллаев- облыстық кардиологиялық орталықтың бөлімше меңгерушісі

– Бауырдың химио эмболизациясы деп аталады. Ол қатерлі ісік ауруының ота жасауға келмегенде қолданылатын әдіс. Токсикалық зиянан құтыламыз.  

Жыл санап емдеу мекемесінің материалдық- техникалық базасы жақсаруда. Өткен жылы мұндағылар республикалық бюджеттен бөлінген 29 млн теңгеден астам қаржыға жаңа қондырғылар алған. Тағы жергілікті жерде берілген 52 млн теңгені де сол мақсатта жұмсапты. Бұл науқастарға уақытылы ота жасап, емдеу шараларын ерте бастан қолға алуға септеседі дейді ақ халаттылар.

Бейбіт Мұстафина- облыстық кардиологиялық орталықтың бас дәрігерінің емдеу жұмысы бойынша орынбасары

– Ашық жүрекке 255 ота жасалды. Тағы 1451 науқасқа каранарография істелді.

Орталық мамандардың біліктілігін арттыруға да көп көңіл бөледі. Жыл сайын дәрігерлер шетелдерге барып тәжірибе жинақтайды. Биыл тағы 2-н арнайы курстарға жіберу көзделуде.

 

Магжан Ахмадина.