Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыстық статистика департаменті өткен жылды қорытындылады

Марал Нұржауыпова – СҚО статистика департаментінің басшысы

– Ауыл шаруашылығы саласының жалпы ішкі өнімі өткен жылы 283,5 пайызға артты. Соның ішінде өсімдік шаруашылығындағы көрсеткіш 2 пайызға, ал мал шаруашылығы 4,4 пайызға өсті. Ал өндірілген ет көлемі 91,9 мың тоннаны құрады. Сүт өндіру көрсеткіші 473,3 мың тонна, өсім 3,2 пайыз.

Теріскейде құрылыс қарқыны да жаман емес. Өткен жылы 37,8 миллиард теңгенің құрылыс нысандары бой көтерген. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,6 пайызға жоғары. Өнім көлемінің артуы жұмысшылардың жалақысын өсіруге де мүмкіндік беріп отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінде орташа еңбекақы мөлшері 78 мың теңгеге жетіпті. Ең төменгі жалақыны ауыл шаруашылығы, ең жоғарғы табысты байланыс және көлік саласының қызметкерлері алады.
Ал инфляциялық көрсеткіштерге тоқталсақ, былтырғы жылы ол 7,2 пайызға өскен. Нәтижесінде күнделікті тұрмысқа қажетті тауар түрлерінің құны артқан. Сондай-ақ, нан-тоқаш өнімдері мен жарма 10,8, ұн мен нанның бағасы – 28 пайызға өсіпті.

Марал Нұржауыпова – СҚО статистика департаментінің басшысы

 

– Алкогольдік өнімдер 12,4, жеміс-жидек пен көкеністер 7, ал сүт өнімдерің құны 10,6 пайызға жоғарылап отыр. Қант пен кондитерлік өнімдер болса 9,6 қымбаттады. Ал жұмыртқа бағасы 20 пайызға төмендеді.

Инфляцияның өсуіне байланысты бағаның артуы тұрақты жәйт. Алайда сұранысқа ие тауар түрлерінің құнының шарықтауына жол берілмейді. Ол тұрақтандыру қоры арқылы реттеліп отырады.

Бакыт Садуакасов.