МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызметкерлер декларация тапсыруы қажет

Зайра Қоржымбаева- Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

– Көп жағдайда олар меншігіндегі жылжымайтын мүлікті дұрыс көрсетпейді. Көлігі барлар, атауын толық жазбайды. Кей кездері тіпті декларация тапсырылатын мерзім толық көрсетілмейді. Айталық биыл біз 2014-ші жылдыкін тапсырамыз. Сондықтан биылғы жылды жазудың керегі жоқ. Кодты да дұрыс таңдаған жөн.

Ал декларацияны уақытылы тапсырмаған мемлкетттік қызметшілер әкімшілік жазаға тартылады. Биылғы жылдан бастап салынатын айыппұл мөлшері 99 мың теңгеден асып жығылады.

Айбас Нұртазин- Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы

– Өткен жылы декларацияны уақытылы тапсырмаған және табысы мен мүлігін толық көрсетпеген 232 мемлекеттік қызметкерге ескерту қағаз жіберілген. Солардың 40-қа жуығы әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Ал есептік құжатта дұрыс ақпарат көрсетпегендер 8 айылық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлемек.

 

Магжан Ахмадина.