МТРА жаңалықтары

Ғимарттар шатырынан салбыраған қалың мұздар адам өміріне қауіпті

– Әрине, қауіпті. Бүгін ғана үйімнің шатырынан салбырап тұрған ірі мұздарды көрдім.

– Біріншіден, аулада ойнайтын немерелерім үшін алаңдаймын. Өйткені шатырдан еріген су мұз болып салбырап тұр.

Әрине, “Сақтансаң, сақтармын” демекші, оқыс оқиғалардың алдын-алып жүрген баспана тұрғындары да баршылық. Айтар болсақ, қаламыздағы Мұхтар Әуезов көшесі 174 үй тұрғындары баспана шатырынан айнала сорғалаған мұз қатпарларын тазалап қойған.

Мария Лаптина – Әуезов көшесі 174 үй тұрғыны

– Әрине, шатырларда қалыптасқан сүңгілер адам өміріне қауіпті. Сол себептен біз баспана төбесіндегі қар мен қатқан мұзды түсіретін арнайы мамандарды жалдадық. Олар тез арада барлық шаруаны атқарып шықты.

Бірақ кей баспана тұрғындары үй шатырындағы қалың қар мен қалыптасқан сүңгілерді тазалау қалалық әкімдіктің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөліміндегілердің жұмысы деп есептейді. Дей тұрғанмен, бұл қате пікір дейді шенеуніктер.

Дәулет Қалиасқаров – Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жетекшісі

– Қазір күн райының құбылмалылығынан көпқабатты үйлер ғимараттар төбесінде сүңгілер пайда болуда. Бұл ең біріншіден, тұрғындар мен сол маңнан өтіп бара жатқан адамдарға қауіп төндіреді. Пәтер иелерінің көбісі бұл шаруаны тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына жүктеп қояды. Бірақ, шындығында олай емес.

Сондықтан өзіңіз тұратын көпқабатты үй төбесінде сүңгі мен мұздарды байқасаңыздар, бірден баспанаңыздағы пәтер иелері кооперативіне жүгінген абзал.

 

 

Бакыт Садуакасов.