МТРА жаңалықтары

2014 жылы «Есіл су» мекемесі республикада үздік су шаруашылығы кәсіпорны атанды

Серік Ысмайылов – «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Есіл су» филиалының директоры.

– 2014 жылы жалпы 2 миллиард 234 миллион теңге қаражат игерілді. Бұл қаражатқа Соколов топтық су құбыры салынды. Биылға тағы қосымша 554 миллион теңге бөлінді. Жұмыстар осымен аяқталады. Ал жалпы өз мекемеміз 1 миллиард 686 миллион теңгеге біз су бердік. Оның көлемі 3 миллион 316 мың текше метр.

Биылғы жылғы жоспар да ауқымды. Яғни жұмысы былтыр басталған Преснов топтық су құбырын салу жалғасады. Жоба толыққанды іске асса Мамлют, Жамбыл, Есіл және Шал ақын аудандарына қарасты ауылдарға таза ауыз су беріледі.

Серік Ысмайылов – «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Есіл су» филиалының директоры.

– Преснов су топтық құбырын 2017 жылға дейін салып бітіруіміз қажет. Бірінші кезеңін Ақмола облысының «СМП-610» компаниясы жүзеге асырады. Оларға бұл мақсатқа биыл 702 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Ал екінші кезеңін Алматы қаласының «Кимаки» серіктестігі жүзеге асырып жатыр. Оларға 786 миллион ақша бөлініп отыр. 2016 жылдан бастап Есіл топтық су торабын қалыпқа келтіре бастаймыз.

Айта кету керек «Есіл су» 2014 жылы республикада үздік су шаруашылығы кәсіпорны атанды. Бүгінгі күні мұнда 700-ден астам адам еңбек етеді. Осылайша мамандар 2020 жылға дейін барлық ауыл аймақтарға сапалы ауыз су тартуды жоспарлап отыр.

– Еліміздегі барлық ауылды-аймақтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған «Ақбұлақ» бағдарламасы 2011 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Аталмыш жоба біздің өңірде де оңтайлы шешміне табуда. Мәселен Соколов топтық су құбыры биыл іске қсылмақ. Нәтижесінде 19 елді-мекен тіршілік нәрімен қамтамасыз етілетін болады.

Джакупов Самат.