МТРА жаңалықтары

СҚО-да жылу бағасы қымбаттамайды

Арман Өтегенов – СҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы.

-Маусым айында бірқатар заңға өзгертулер енгізілді. Осыған байланысты енді монополистер жылу тарифін 2 жылға емес, бірден 5 жылға көтеру туралы өтініш бере алады. Бұл ретте біз монополистердің арызынан бас тартып, өтінішті қарастырған жоқпыз. Бұл шешіммен олар келіспей істі сотқа жіберді. Соттың екі отырысы өтіп, судья біздің шешіммен келісті.

Жылу ақысын өсіруге «Солтүстік Қазақстан тұтынушылар құқығын қорғау» қоғамдық бірлестігі де қарсылық танытқан екен. Тиісті үкім шықты. Алайда Арман Өтегенов монополистер 1 сәуірден бастап, тағы өтініш түсіретінін айтып отыр. Осылайша келер жылыту маусымында баға қымбаттауы мүмкін. Ал тарифтің өсетініне халық наразы.

Құрылғылардың азып-тозуы – тарифті өсірудегі басты себеп. Сонымен қатар, бүгінгі күні көмірдің де бағасы қымбаттап отыр.

Самат Джакупов- тілші.

-Осылайша қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары 1 гигакалорий жылу үшін, қосымша құн салығын есептемегенде 1362 теңге төлейді. Бұл тариф 2012 жылы бекітілген болатын. Алайда монополистер әлі қуануға негіз жоқ деп отыр. Себебі алдағы уақытта жылу бағасы бірнеше пайызға қымбаттауы мүмкін.

 

 

Самат Джакупов.