Құқық қорғау органдары

СҚО-да “Құқық тәртібі” атты жедел алдын-алу шарасы бастау алды

Вадим Мотов – Есіл ауданының ІІБ бастығының орынбасары.

-“Құқық тәртібі” атты жедел алдын алу шарасы өткізілуде. Акцияның басты мақсаты – ауыр және де аса ауыр қылмыстардың алдын алу, сонымен қатар құқық бұзу мен қылмыс жасауға бейімделген тұлғаларды анықтау болып табылады

Сонымен қатар әкімшілік полицейлер, төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және де әкімдіктің өкілдері 20-ға жуық тұрмысы нашар отбасыларды аралап, түрлі тақырыптарда әңгімелесті. Оған қоса, бұл күні селолық округ аумағында тәртіп сақшылары мен ветеринарлық инспекторлар заңсыз ет тасу және қара малдарды ұрлау фактілерін анықтады. “Құқық тәртібімен” қатар аудан аумағында “Мас жүргізуші – қылмыскер” атты облыстық жедел алдын-алу шарасы өтті. Нәтижесінде аудандық полицейлер 20-ға жуық жолда жүру ережесінің бұзылғанын анықтап, 2 мас жүргізушіні ұстады.

 

 

Риат Шони.