Спорт

Петропавлда кекушенкай каратэдан ашық турнир өтті

Тартысты дода да басталды. Бұл жарыста кімнің жеңіске жететінін алдын-ала болжау мүмкін емес. Өйткені, татамиге шыққан кішкентай спортшылардың бұл алғашқы сайысы.
Сөйтіп, жекпе жекті 7 жасқа дейінгі бүлдіршіндер бастап берді. Екінші татамиде Александр Шестяев белдесіп жатыр. Екі каратеші де 42-ші мектептің намысын арқалаған. Жекпе-жекке шыққандарға бір минут берілді. Осы аралықта олар мықтыны анықтауы тиіс. Бұл жолы 6 жастағы Александрдың бағы жанып, ол қарсыласы Диасты жеңді.

Александр Шестяев, жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы.

-Жекпе-жек оңай болған жоқ. Дегенмен де мен жеңіске жеттім. Оған қуаныштымын.

Келесі болып татамиге көкшетаулық Алдиар Мурат пен петропавлдық Максим Арсен шықты. Бұл жекпе-жекте Алдиардың асығы алшысынан түсті.

Алдиар Мұрат, жарысқа қатысушы, Көкшетау қаласы.

-Маған бұл спорт ұнайды. Бүгін мен жеңіске жеттім.

Балығы Петропавлда өткен ашық турнирге 200 ден астам спортшы жиналды. Оның 16-сы Көкшетау қаласының намысын арқалап келген. 4 пен 11 жас аралығындағы бүлдірішіндер 18 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Владимир Витченко,Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымының СҚОФ директоры.

-Бүгінгі турнир “Жаңа ұрпақ” деген аттаумен өткізілуде. “Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт денсаулығы» атты бастауын іске асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ, шара Ұлы жеңістің 70 жылдығына орайластырылған.

Жеңімпаз атанған спортшылар диплом және медальдармен марапатталды.

 

 

 

Бану Ахметова.