Құқық қорғау органдары

Петропавл станциясы Ішкі Істер Желілік бөлімі өткен жылды қорытындылады

Думан Омаров – Петропавл станциясы Ішкі Істер Желілік бөлімі бастығының бірінші орынбасары.

-Негізінен ұялы телефондар ұрланады. Бұндай оқиғалар телефон иелерінің немқұрайлығынан орын алады. Қазіргі таңда ҚР-ы аумағындағы байланыс құралдарын имей код арқылы анықтаймыз. Біз қызметкерді Алматы, Ақтау қалаларына іс-сапарға жіберіп, телефонды іздестіріп табамыз. Ал қолды қылған тұлғаны құрықтап, тергеу кезінде олар пойыздың ішінде, жастықтың астынан, дәретханада немесе тамбурда тауып алдық дейді.

Өңіріміз Ресеймен шекараласып жатқандықтан өткен жылы темір жол бойында контрабандалық фактілерде орын алды. Мәселен, қараша айында Новосібір-Белгород бағытындағы №123 пойызды тексеру барысында гашиш затын тасымалдап бара жатқан Қырғызстан Республикасының азаматы ұсталды. Тінту барысында одан беліне скотчпен ораған 21 түйіншек алынып, 400 грамм көлемінде гашиш заты тәркіленді. Ал құқықбұзушыны сот 16 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.

Думан Омаров – Петропавл станциясы Ішкі Істер Желілік бөлімі бастығының бірінші орынбасары.

-Оған дейін ақпан айында Новокузнецк-Кисловод бағытындағы №59-шы жолаушылар пойызын тексеру барысында беліне скотчпен оралған екі брикет табылды. Оның ішінен салмағы 600 граммға жуық гашиш заты тәркіленіп, қылмыстық іс сотқа жіберілді. Сот үкімі шығып, азамат 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

2014 жылы темір жол бойында жарақат алу жағдайлары да орын алды.

-Темір жолдардағы жарақаттанушыларға келетін болсақ, өткен 2014 жылы ондай 14 оқиға орын алып, нәтижесінде 10 адам қаза тапқан. Ал әкімшілік жауапкершілікке 2757 тұлға тартылса, оның 2166-сы тыйым салынған жерлерден өткені үшін. Бұл ретте сақтансаң сақтаймын қағидасын ұмытпай, темір жол тораптарында абай болған жөн. Риат Шони, Михаил Казначеев муниципалдық телеарна.

 

Риат Шони.