Спорт

Облыста “Ақшақар” облыстық спартакиадасы жалғасын табуда

Николай Зуборев – Қ. Байболов атындағы облыстық МБЖСМ жаттықтырушысы, коньки спортының бас төрешісі.

-Облыстық спартакиадада аудандар мен қаламыздан 10 команда қатысуда. Спортшылардың дайындықтары жаман емес. Чемпионатта жеңімпаз атанған қатысушыларға алдағы уақытта облыс орталығындағы спорт интернатында оқуын жалғастыруға мүмкіндік тумақ.

Жарыстың алғашқы күні спортшыларға 500 метрді бағындыру үшін шеңберді барынша жылдам жүгіріп өту талабы қойылды. Жасөспірімдер арасындағы алғашқы айналымдардың бірінде Петропавл қаласының намысын қорғап келген Максим Елшов, бірінші болып мәреге жетті.

Максим Елшов – конькиші.

-Жарыс оңайға соқпады. Қарсыластар мықты екен. Дегенмен де күнделікті дайындықтың арқасында жоғары жетістікке қол жеткізіп отырмын. Бұл спорт түріне деген қызығушылығым ерте кезден басталды. Өйткені менің анам да конькиші. Болашақта осы спорт түрін жалғастырмақ ниеттемін.

Ал жарыстың екінші күні спартакиада қатысушылары 1000 метрлік қашықтықты бағындырды. Әрине, тек бірінші айналымнан сүрінбей өткендері. Кейін облыстық спартакиада шаңғы жарысымен жалғаспақ.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.