Құқық қорғау органдары

Автодромдағы емтихан тапсыру барысы автоматтандырылған

Евгений Зубков – “Халыққа қызмет көрсету орталығы” РМК филиалы №3 мамандандырылған бөлімінің басшысы.

-Бағдарламалар түгелімен автоматтандырылған. Адам факторы жойылған. Автодромда 6 автокөлік құралы жұмыс істейді. Олар: механикалық беріліс қорапты 3 және автоматты беріліс қорабы бар бір жеңіл автокөлік, автобус және жүк машинасы.

Емтихан тапсыру бағдарламасы халықаралық стандартқа сай. Ол Қазақстандағы барлық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында пайдаланылады. Дәл осындай орталықтардың саны елімізде қазіргі күні – 9. Жүргізуші тапсырманы бірнеше минуттың ішінде орындап шығуы тиіс. Іс-әрекеттің қаншасы орындалғаны, әлі қаншасы қалғанын мынадай планшеттік компьютерден көріп отыруға болады.

Жүру барысында оның бәрі тіркеледі. Салон ішінде дыбыс және бейнежазудың жүргізілуі инструктордың сыбырлап отыруына мүмкіндік бермейді. Яғни, бұл жағдайда тек өзіңінің білімің мен білігіңе сенім артуға тура келеді.

Мұнда емтихандар күн сайын тапсырылады. Болашақ көлік жүргізушілерге арналған 12 жаттығу бар. Барлық тапсырманы қатесіз орындап шығу үшін олардың тек бір-ақ мүмкіндіктері бар.
Алайда, тәжірибе көрсеткендей, сөреден мәреге дейін бірінші реттен жету оңай емес. Автодром жұмысын бастағалы бері мұнда сынақ тапсырушылардың 30 пайызға жуығы ғана емтиханды алғашқы сәттен-ақ орындаған.

Евгений Зубков – “Халыққа қызмет көрсету орталығы” РМК филиалы №3 мамандандырылған бөлімінің басшысы.

-Кейде біреуінің машығы жетіспейді. Мына алаңға қалаға ұқсатылып жасалынған. Егер автомектептерде 3-4 жаттығу болса, бізде олардың саны – 12. Бүгінгі уақытта ақылы түрдегі емтиханалды дайындық қарастырылған. Бекітілген бағалар тізімі бар. Жеке тұлғалар үшін жеңіл автокөлікте жүріп үйренудің бір сағаты 1700 теңге, ал жүк көлігі мен автобустар үшін сағаты 3 мың теңге тұрады. Кез келген адам автодромда өзінің күшін сынап көруіне болады.

Трассаны қатесіз жүріп өтуге уақыт қашанда бар. Емтиханның парктикалық бөлігін тек бір апта өткен соң тапсыруға болады. Бұл көлік жүргізуші куәлігін алғаш рет алғалы жатқандарға қатысты. Ал, құжатынан жолдағы белгілі бір себептерге байланысты айрылған азаматтарға куәлігін қайтаруға келесі күні-ақ тырысып көрулеріне болады.

 

 

Данаш Хамзина.