МТРА жаңалықтары

Ассамблеяға- 20 жыл

Гүлбақша Мұсабаева- «Urpaq» қазақ мәдени- ағарту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

-Қазіргі уақытта Қазақстан халық ассамблеясын этникалық қатынасты дамыту құралы ретінде барлық әлем елдері зертттеп жатыр. Осы модельді күллі әлемде көрсетіп жатыр. Қазіргі әлемде болып жатқан оқиғаларңға ассамблея үлгі. Бірліктің үлгісі.

Өңірдегі этно-мәдени орталық өкілдері шаһардың әлеуметтік-мәдени өмірінде өте белсенді. Олар «Береке басы – бірлік» сөзін ту ететіндерін жасырмайды. Кез-келген игі бастаманы қолдауға даяр орталық өкілдері биылғы ассамблеяның 20 жылдығын ерекше тойламақ.

Гүлбақша Мұсабаева- «Urpaq» қазақ мәдени- ағарту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

-Қазақстан халық ассамблеясының тапсырысы бойынша «20 игі іс» шарасы жоспарлануда. Негізгі мақсатымыз, этно мәдени бірлестіктер арасында жобалар сайысын өткізу. Оған барлық мектеп оқушыларын, студенттерді қатыстыруға жұмыс жасау.

СҚО Ресеймен көршілес орналасқандықтан орталық өкілдері ол жерлерде тұратын қандастарымызбен де араласып тұрады. Шет елде тұратын жастар қазақы салт-дәстүр мен ана тілдерін ұмытпаулары керек дейді.

Гүлбақша Мұсабаева- «Urpaq» қазақ мәдени- ағарту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

-Жастар көбіне интернетте отырады. Онда ұлтаралық келісім жайлы еш нәрсе айтылмайды. Сыртқы саясатты да түсінбейді. Сондықтан біз мәдениетті, тілді насихаттаймыз. Болашақта оны жастарымыз түсініп, қадірлейтін боламыз.

Еліміздегі іргелі институт осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын пысықтап, алға қойған мақсаттарын айқындауда. Сондықтан кезекті белес жаңа бастамаларға мұрындық болатынына мұндағылар сенімді.

 

 

Магжан Ахмадина.