Бизнес және экономика

Қазақстанда кәсіпкерлік нысандарын тексеру жаңа жүйе бойынша жүргізіледі

Жеңіс Қазиев, СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелері бойынша орынбасары.

-Төртінші топқа бақыланатын бизнес субъектілер жатады. Мәселен кейбір кішігірім талаптар орындалмаса, бұрынғыдай әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Керісінше, ескертумен шектеледі. Яғни кемшіліктің орын толтыруға міндеттеледі.

Сонымен қатар жаңа заңда бизнес субъектілеріне жеке және заңды тұлғалардан шағым түсе, олар міндетті түрде тексерілетін болады.
Тағы бір айта кететін жайт, тексеріс талаптары бұл жолы 5 мың 228-ден 1 мың 810-ға азайған. Ал тексерулерді 21 мемлекеттік органдар жүргізбек.

Жеңіс Қазиев, СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелері бойынша орынбасары.

-Тексеру жүргізу талаптары санитарлық-эпидемиологиялық салада көбірек қысқарған. Яғни, 66,7 пайызға. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің тексеру талаптары да қысқарған.

Айта кетеу керек қаржы, экономика және бюджетті жоспарлау, білім және ғылым миністірліктері мен ұлттық ғарыштық агенттіктің тексеру жүргізу талаптары өзгерген жоқ. Ел экономикасындағы жеке соктордағы субъектлерді және бизнесті дамуына кедергі келтірген жоспорлы, жоспарсыз бақылаулар жойылды.

Жеңіс Қазиев, СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелері бойынша орынбасары.

-410-нан астам тексеру жасалды. Оның ішінде бизнестің дамуына кедергі келтірген бақылаулар жойылды. Тексерудің 170-і комиссияның қолдауын тапты. Кәсіпкерлердің қызметіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған 114-і ғана заңға енгізілді.

Жалпы облысымызда бүгінгі күні 24 мың шағын және орта бизнес субъектілері бар.

 

 

Бану Ахметова.