МТРА жаңалықтары

Қарақоға селолық округінің әкімі тұрғындар алдында есеп берді

Анна Жорова – Қарақоға селолық округінің әкімі, М. Жұмабаев ауданы.

-Округте мектепке дейінгі білім беру мәселесі толығымен шешілді. Образец және Чистое селоларында 2 шағын орталық жұмыс істейді. Онда 20-ға жуық балғын тәрбие алады. Ал Қарақоға ауылында 70 балаға шақталған «Балапан» балабақшасы бар. Мұнымен қоса аймақта 3 бірдей фельдшенрлік-акушерлік пункт халыққа қызмет көрсетеді. Дәріханада жоқ емес. Сондай-ақ өзіміздің наубайханамыз халықты ас атасымен қамтамасыз етіп отыр.

Қарақоға -аудандағы ең ірі селолық округтерінің бірі. Оның қармағына 4 ауыл қарайды. 2600-ден астам халқы бар. 10 жылға жуық уақыт осы аймаққа басшылық етіп келе жатқан Анна Жорова, былтыр бірқатар күрмеуі тарқамаған мәселелерді шешіпті. Соның бірі селодағы білім ошағының шатырын ауыстыруға қатысты.

Татьяна Журавлева – Образец орта мектебінің меңгерушісі, М. Жұмабаев ауданы.

-Мектеп ұжымы атынан жергілікті басшыға үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Округтегі кәсіпкерлердің көмегімен көптен бері ауыстырылмай жүрген шатырымыз былтыр жаңа кейіпке енді. Сондай-ақ оқушыларымызға күнде тегін ыстық ас беріледі. Қазір мектебімізде балаларға толыққанды білім алуға барлық жағдай жасалған.

Өткен жылғы есептік кездесулерде әкімге барлығы 7 өтініш түскен екен. Оның басым бөлігі шешілді.

Анна Жорова – Қарақоға селолық округінің әкімі, М. Жұмабаев ауданының әкімі.

-Чистое селосының тұрғындары былтыр есептік кездесуде ауылға интернет тарту мәселесін көтерген болатын. Ол толығымен орындалды. Жастарды патриотық бағытта тәрбиелеу жұмыстарына баса назар аударылды. Ал мәдениет үйін жеке меншіктен мемлекетке беруге қатысты сұрақ 2015 жылға қалдырылды. Жалпы өткен жылы көтерілген 7 сұрақтың бесеуі шешімін тапты.

Селода су, жарық, жол, транспорт мәселеріне қатысты проблема жоқ. Тіпті мұнда халықты бұқаралық спортқа тартуға баса назар аударылыпты. Бірнеше хоккей кордтары тұрғызылып, бүгінгі күні екі құрама облыстық додаларда ауданның намысын қорғап жүр. Кездесу барысында ауыл тұрғындары көкейлерінде жүрген саулдарында жолдап қалды.

Бүгінгі күні образец селосында 100-ге жуық үй түтін түтетіп отыр. Ал тұрғындар болса жергілікті әкімнің жұмысына жоғары бағасын беруде.

Айта кету қажет округте тіпті шағын және орта бизнесте айтырлықтай дамыған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша , былтыр мал шаруашылығын жандандыруға 4 азамат 9 миллион теңгеге жуық несие алған екен.

 

 

 

Самат Джакупов.