Ауыл шаруашылығы

Өңір ғалымдары ірі қараның 3 аталық ізін шығарды

Асқар Естанов, Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығын ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі.

-Қазір шет елден асыл тұқымды ұрықтарды алып, сиырлардың сүтіндегі май мен ақуыздың деңгейін жоғарылату үшін малды қолдан ұрықтандырып жатырмыз.

Ғалымдардың жұмысы инемен құдық қазғандай. Олар етті бағыттағы отандық ірі қараның 3 аталық ізін шығару үшін 10 жылдай еңбектеніпті. Бұл олардың ең ірі жетістігі.

Асқар Естанов, Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығын ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі.

-“Шаман”, “Пион”, “Графтың” төлдері бүгінде Қазақстанның барлық аймағында өсірілуде. Сәйкес малдарға қарағанда олардың өнімділігі 15-20 пайызға жоғары. Өзі етті, әрі сүті майлы және төлі тез жетіледі. Шаман, пион, граф тұқымдары жазда тәулігіне 1,5-2 келіге дейін салмақ қосады. Ал, жарты жылдың ішінде салмақтары 400-450 кг дейін жетеді.

Сондай-ақ, ғалымдар алдағы жылдарда “Ақ бас бай” атты тағы бір 4-ші бұқаның түрін эмбриондық трансплантациялық жолмен шығармақшы. Ол да қазақтың ақ бас сиырындай кез-келген ауа райына төзімді әрі өнімді болмақ.

Асқар Естанов, Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығын ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі.

-Қазіргі қазақтың ақ бас сиыры әлемдің стандарттан артып түсіп жатыр. Қазір біз Абердин-ангусс, герефорд тұқымдарын сұрыптап, одан жақсы малдарды іріктеп алып, Оларды ұрықтары мен бұқашықтар алып, бордақылау алаңдарында өсіріп, сапалы мәрмәр еттерін экспортқа тапсыруға міүміндіктер бар қазір.

Мал және өсімдік шаруашылығын ғылыми-зерттеу институтының ұжымы алда интенсивті технологияларды енгізіп, гендік және жасушалық инженерия және эмбриондарды трансплантациялау әдістерін мықтап меңгеріп, жетілдірмекші.

 

 

Берик Касен.