Қоғам

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетілді

Татьяна Баньковская- кәсіпкер, Ғ.Мүсірепов ауданы.

-Мен өте қуаныштымын. Осындай байқауды ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Бұл туралы бұрындары естімеген едім. Кейін даму қорына келіп, кеңес алдым. Соның арқасында міне грант иегері атанып отырмын. Маған массаж жасауға қажетті құрал- жабдықтар табыс етілді. Келекшекте ісімді дамыта түсуді көздеп отырмын.

Мүмкіндігі шектеулі жанға 200 мың теңгенің гранты табыс етілді. Жалпы «Жұлдыздарға қара» атты байқау «Құс Жолы» Казкоммерцбанктың корпоративтік қайырымдылық қоры және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен өткізілуде.

Елена Важенина- «Казкоммерцбанк» АҚ Петропавл қаласындағы филиалының коменданты.

-Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамда еркін жүріп- тұруы үшін бар жағдайлар жасалуда. Сондықтан оларға қолдау көрсету ол игі іс деп білемін. Кез келген адамның өз ісін ашуға мүмкіндігі болмайды. Сондықтан оларға қаржылай көмек көрсетіп жатырмыз.

Жалпы өткен жылы осындай 3 жанға өз ісін ашуға грант беріліпті. Міне тағы 2-не қолдау көрсетілуде.

Гүлмира Жақыпова- «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» СҚО бойынша өңірлік филиалының бас менеджері.

-Бұл қайырымдылық байқауға қатысуға келген кәсіпкерлерге өтініш жазып, құжаттарын рәсімдеуге даму қорының мамандары көмектесті. Кейін бизнес жоспар жасады. 2014 жылы аталмыш байқаудың 1-ші кезеңіне 10 адам өтініш берсе, соның 3 қолдау тапқан болатын. Ал міне екінші турында 8 солтүстікқазақстандық өтініш беріп, соның 2-уі жеңімпаз атанып отыр.

Грант иегері атанған екінші жерлесіміз – Нуриман Вильданов. Ол омарташылық шаруашылығын дамытуды көздеп отыр.

 

 

Магжан Ахмадина.