МТРА жаңалықтары

Көлік бақылау инспекциясының мамандары өткен жылды қорытындылады

Андрей Марков- СҚО бойынша көлік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы.

-Теміржолдарда заңбұзушыларға қатысты 18 әкімішлік іс қозғалып, 272 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Бұдан өзге суда жүретіндер 24 құқықбұзушылық жасаған. Олар мемлекетке 51 мың теңгеден астам айыппұл қайтарды.

Көлік заңнамасын бұзғандарды тезге салатын көлік бақылау инспекциясының мамандары биыл да жұмыстарын осы қарқында жалғастырмақ. Олар өз ісін Елбасының жаңа жолдауын орындауға бағыттайтын болады.

Андрей Марков- СҚО бойынша көлік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы.

-Жолдауда көлік- логистикалық жүйені дамыту жайы айтылды. Осыған орай бірнеше ірі жобалар жүзеге асырылады. Сондықтан көліктердің талапқа сай, әрі қауіпсіздігін күшейту басты назарда болмақ. Біздің мамандар бұл бағыттағы жұмыс жоспарын жасап, қадағалау шараларын күшейтпек.

Негізінен мұндағылар халықаралық тасымалдау мен ірі габаритті және аса ауыр салмақтағы жүк тасымалдауды қадағалайды. Бұл ретте инспекция мамандары өткен жылы 56 әкімішілік іс қозғаған. Сонымен қатар 6 жүк тасымалдаушы кәсіпорын да талаптарды бұзғандықтан, 240 мың теңге көлемінде айыппұл төледі. Бұдан бөлек көлік бақылау инспекциясының қызметкерлері техникалық бақылау саласында назарға алған.

 

 

Магжан Ахмадина.