МТРА жаңалықтары

Барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есептік кездесуі жалғасуда

Ирина Рыбакова, Архангельск ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы. Қызылжар ауданы.

-2015 жылы Новокаменка селосындағы көшелерді жарықтандыруға аудан қазынасынан 1 млн 900 мың теңгеден астам қаражат бөлінді. Қазір округімізде телекоммуникация жүйесі жандану үстінде. Биыл округке соңғы үлгідегі сандық телефон бекетін орнатамыз. Оған қоса алдағы 2 жыл ішінде жаңа наубайхана, диірмендер салынады. Пилорама ашылады. Алда шару қожалықтары асыл тұқымды ірі қараның басын ұлғайтпақшы.

Бүгінде Архангельск ауылдық округіне қарасты Новокаменка және Архангелька елді-мекендерінде 2000 жуық адам тұрады. Мұндағылардың жағдайы біршама жақсы. Жол, мектеп, амбулаторлық бекет сынды әлеуметтік нысандар жұмыс істеп тұр. Кадр тапшылығы жоқ көрінеді. Алайда, өзге ауылдардағыдай ұсақ-түйек мәселелер баршылық.

Оңғарбай Абсаттаров, диқаншы, Қызылжар ауданы.

-Қыста ауылдың шеткі көшелерінде қар тазаланбайды. Ауыз су тапшылығы жоқ. Қалаға қатынайтн автобус аязды күндері жүрмейді, қалған күндері кестеге сай жүріп тұрады.

Архангельск ауылдық округі әкімінің есептік кездесуіне Қызылжар ауданының басшысы Болат Жұмабеков қатысты. Ол тұрғындардың бұйымтайын тыңдап, кей мәселенің биыл шешілетіндігін жеткізді.

Диқаншы – Оңғарбай Абсаттаров мемлкеттен картоп егуге 4 Га жер алмақшы. Бірақ оған құжаттарын рәсімдей алмай жүр.

Оңғарбай Абсаттаров, диқаншы, Қызылжар ауданы.

-Өзіме картоп отырғызуға 4 Га жер алайын деп едім. Соған тиісті органдарға құжаттар тапсырғанмын. Соның жауабын әлі ала алмай жүрмін.

Болат Жұмабеков, Қызылжар ауданының әкімі.

-Сіз өткен жылы гектарынан неше тонна картоп алдыңыз? …. 10 тонна деймісіз. Бұл аз ғой. Егер өзге шаруашылықтар сияқты гектарынан 25-35 тонна алуға уәде берсеңіз бұл сұрақты қарап көрейік.

Жалпы есеп беру кездесуіне қатысқан 50-ге жуық адамның 20-сы аудан және Архангельск ауылдық округі әкіміне сын-ескертпесін айтты. Сұрақтар тақырыбы сан-алуан болды. Соның бір парасы жер мәселесі мен ауыз суға қатысты болды.

Мұсырман Сұлтанов, Новокаменка селосының тұрғыны.

-Мына Петропавл-Жезқазған бағытындағы республикалық жолдың бойында мал өтетін жерде арнайы белгілер қойылған. Оның ара қашықтығы техникалық талапқа сай 50 метрге жетпейді әрі ыңғайсыз жерге орнатылған. Соны шешіп берсеңіз.

Болат Жұмабеков, Қызылжар ауданының әкімі.

-Қарастырайық, бұл ұсыныспен жоғары жаққа шығайық.

Кездесуде көтерілген барлық сұрақтарды Архангельск ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы есепке алып, биыл маңызды мәселелер шешілетіндігін жеткізді.

 

 

Берик Касен.