Ауыл шаруашылығы

2014 жылы Петропавл қаласында малдан індет жұқтыру фактісі тіркелген жоқ

Ибраим Көрпенов, “СҚО Петропавл қаласы әкімдігінің ветеринарлық станциясы” ШЖҚ КМК директоры.

-Жыл сайын малдарды бруцелезға, туберкулезге тексереміз. Сосын Сібір безгегіне қарсы екпе жасаймыз.

Мұнымен қоса жылына екі рет алдын-алу шаралары жүргізіледі. Онда құтырма ауруына шалдыққан қаңғыбас ит-мысықтар ауланып, полигонда жойылады.

Ибраим Көрпенов, “СҚО Петропавл қаласы әкімдігінің ветеринарлық станциясы” ШЖҚ КМК директоры.

-Осы жұмыстарды істеу үшін қала бюджетінен 1 млн 527 мың теңге бөлінді. Сол қаражаттың барлығы қажетті шаруаларымызға жетті. Оның барын ұқсаттық.

Ендігі малға екпе жұмыстары ағымдағы жылы наурыз айының ортасында басталады деп күтілуде. Шараға қажетті қаражат қала қазынасынан жұмсалады.

 

 

Берик Касен.