Құқық қорғау органдары

Қалта ұрысы ұсталды

Задержанный

– А почему именно у нее решили украсть? – Она так встала, спровоцировала. Сумку так повесила – на заднее плечо. Там, по-моему, я не знаю – дурак только не вытащит у нее кошелек.

Айыпталушы қалта ұрысы және есірткеге тәуілді жан ретінде бірнеше жылдан бері есепте тұр. Қазіргі уақытта оның үстінен қылмыстық іс қоғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары биыл тіркелген қалта ұрлығының үш бірдей фактісіне сезіктінің қатысы бар екенін анықтады.

Дәулет Метолкинов – Петропавл қалалық ІІБ жедел-іздестіру бөлімінің жедел уәкілі

– Қалта ұрылығы жасалғанын байқасаңыз, тез арада 102 нөмеріне хабар беріңіз. Жоғалған әмияныңыздағы ақшасы бар карточканы бекітіп тастаңыз. Көбіне, нәзікжандылар карточканың паролін бірге алып жүреді.Мұндай мүмкіндікті ұрылар қолдан жібермей, бар ақшаны шешіп алып жатады.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай қалта ұрылары арам ойын қоғамдық көліктерде іске асырады. Ондай қылмыстар көбіне таңғы сағат 9 бен 10 шамасында, сонымен қатар кешкі 18-21 сағаттардың аралығында жасалады.

Ахметова Бану.