Қоғам

Петропавлдағы жатақханаларда жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр

Анар Құспекова, көпбалалы ана

– Жөндеу жұмыстарына дейін, мұнда суық болатын. Шатырдан баспанаға су ағатын. Енді, жағдайымыз айтарлықтай жақсарып қалды. Үйіміз жылы, дәліздер жарықтандырылды. Душтар да жөнделіп жатыр.

Мұндағы тұрғындар 11 жылдың ішінде жөндеу жұмыстарына кеткен қаражатты ай сайын төлеп, мемлекетке қайтармақ.Шухов көшесі, 30 мекенжайындағы жатақханада да бағдарлама аясында жаңғыртылып жатыр.

Қазір мұнда баспалдақтар мен қабырғалар тегістелуде. Ғимарат көп жылдан бері жөндеу көрмеген, әбден тозыпты.

Татьяна Сорокина, Шухов көшесі, 30 үйінің тұрғыны

–  Үйдің жағдайы жаман болатын. Шатырдан су ағатын. Тұрғындар осыны айтып, ылғи шағымданушы еді. Подъез де жөндеу жұмыстарын қажет ететін. Енді қарап тұрсаңыз, ғимараттың іші жаңа кейіпке еніп отыр. Шаруаның біразы тындырылып қалды. Енді, 14 млн 600 мың теңгені үкіметке 7 жылдың ішінде қайтару керекпіз.

“Тұрғын үй коммуналдық шаруашығылын жаңғырту” бағдарламасы аясында үш жылда қалада 103 үй қайта жаңғыртудан өткен. Оған 1,5 млрд теңге жұмысалыпты.

Сайран Хамзин қалалық мәслихаттың депутаты

 

– Мұнда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын апта сайын бақылап, мониторинг жүргізіліп отырамыз. Тексеру барысында тұрғындардың шағымы бойынша жөндеу жұмыстарының тоқтатылған кезі де болды. Жиналыстар жүргізіліп, шаруаны жалғастыру үшін басқа мердігер табатынбыз.

Айта кету керек, мемлекеттік бағдарлама аясында қаладағы жатақханаларды жаңғырту бойынша біздің облыс елімізде көш басында тұр.

Ахметова Бану