Мәдениет

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында зерттеушілер мен жәдігерлерге арналған көрме ашылды

Людмила Фельк – облыстық тарихи-өлкетану мұражайының табиғат бөлімінің меңгерушісі

– Бұл көрмені облыстық тарихи-өлкетану мұражайының табиғат бөлімі қызметкерлері мен Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің география және биология кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды. Экспонаттарға тоқталар болсақ, бұл көрмеден көптеген картографиялық материалдарды, яғни әлем, жарты шар картасы мен Айдың картасы көрсетілген.

Ал мына жерде жергілікті университеттің биология кафедрасының ғалымдары түрі мен түсі, тұқымы әр-алуан көбелектерді ұсынып отыр. Айтар болсақ, табиғат аясында бұл көбелектердің бірін күндіз, ал бірін түнде ғана көруге болады.

Иван Зубань – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ география және биология кафедрасының оқытушысы

– Мына шынының ішінде көбелектердің 70 шақты түрі қойылған. Жәндіктерді жинауға бірнеше жыл кетті. Мұндай көбелектерді күнде кездестіре бермейтіндіктен, келушілерге қызық болады деген үміттемін.

Сондай-ақ, бұл экспонаттар топтамасында палеонтологиялық жәдігерлерді, соның ішінде мамонттың сүйегі, қабырғасы, жауырыны мен кішкентай мамонттың төменгі жақ сүйегі қойылған.

Ал көрменің тағы бір бөлігі өңір географиясын зерттеушілерге арналған. Бұл жерде негізінен, облыстағы пайдалы қазбалар, топонимика бойынша құнды мәліметтер, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы ақпараттарды алуға болады. Жер шарына арналған қызықты көрмені солүстікқазақстандықтар наурыз айының 15-не дейін тамашалай алады.

 

 

Бакыт Садуакасов.