Қоғам

Есіл өзенінде Крещение мерекесіне дайындық жүруде

Антон Коптяев – ҚР ІІМ ТЖ комитеті СҚО ТЖД суда-құтқару қызметі басшысының міндетін атқарушы

– Мереке күні ешқандай оқыс оқиға болмау үшін суда құтқару қызметінің 20-дан аса маманы тартылады. Оған қоса медициналық қызметкерлер де кезекшілікте болады.

Дінге берік қауым бұл күні қасиетті суға таңғы сағат 8-ден кешкі сағат 8-ге дейін шомыла алады. Крещение мейрамында дәстүрге сай өзен суы аластатылады. Бұл күні әр адам күналарынан арылып, дертінен айығады деген сенімде жерлестеріміз.

Сергий – протоиерей, Петро-Павл соборының настоятелі

– Крещение – христиандардың басты мерекелерінің бірі болып есептеледі. Бұл күні ең алдымен барша христиан сеніміндегілер құдайға құлшылық ету үшін шіркеуге барады. Кейін мереке Есіл өзеніне дейінгі шеруге ұласады. Ондағы су аластатылысымен, адамдар шипалы суға түседі.

Тарихқа көз жүгіртер болсақ, крещение мерекесінің 2000 мың жылдық шежіресі бар. Қасиетті суға діні мен тіліне қарамастан кез-келген жерлесіміз шомыла алады. Тек, ол шараға кемінде бір ай бұрын дайындалу қажет. Сондай-ақ өзендегі ойыққа 3 реттен артық шомылуға болмайды, ал алғаш рет бұл шараға бел буатындарға 1 рет сүңгу жеткілікті. Оған қоса, аш қарынға және тойып та суға түсуге тыйым салынған.

Ирина Артющик – Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының санитарлық үгіт-насихат жұмысы жөніндегі дәрігері

– Қасиетті суға шомылған соң, арнайы орамалмен денені құрғату керек. Кейін ыстық шай ішкен жөн. Ал арақ-шарап ішуге мүлдем болмайды. Сондай-ақ қасиетті суға түсуге диабет, жүрек аурулары мен туберкулез, эпилепсия, психикалық ауруға шалдыққандарға болмайды.

Айта кеткен жөн, мамандар крещение мерекесінде өзендегі суға түсу адам ағзасының иммунитетін нығайтатынын айтуда. Тек, арнайы ережелер мен сақтық шараларын бекем ұстанған абзал.

 

Бакыт Садуакасов.