МТРА жаңалықтары

Ауыл шаруашылығы салаларын дамыту қашан да өзекті

Күлбарам Баязитова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ауыл шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі

– Мен үкімет “Дипломмен ауылға” бағдарламасын қайта қарап, оған түзетілер енгізсе деймін. Өйткені ауыл шаруашылығы саласында оқитын студенттердің біразы барған жерінде баспана машақатын көреді. Оған қоса ауылда жалақы да аз. Содан жастар онда көп тұрақтамайды.

Өткен жылдың көктемінде агрономия факультетінің 2 студенті күшейтілген түрде неміс тілін меңгеріп, Германия елінде 6 айлық тағылымдамадан өтіп келді.

Мария Гвоздецкая, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ агрономия факультетінің 4-курс студенті

– Президентіміз жастардың бәсекеге қабілетті болуына, кәсіби жоғары білім алып, білікті маман атануына бар жағдай жасап отыр. Соның арқасында мен шетелде 6 ай бойы мол тәжірибе алып, қызықты мәліметтерге қанық болдым. Мен Германияда бір шағын шаруашылықта болдым. Онда барлығы механикаландырылған. Біз онда 2 гектар жерге көкөністерді техниканың көмегімен егіп, машинамен жинадық, Мұның бәрі әлбетте болашақта жұмысыма көп пайдасын тигізері сөзсіз.

Алда мұндағылар Ресей, Германия елдеріндегі әріптестерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, университеттр арасында студенттермен алмасып, өзара тәжірибемен бөліспекші. Оқытушылар әсіресе мал тұқымдарын асылдандыру және оны селекциялық жолмен көбейту жұмыстарына жіті көңіл бөлу қажет дейді.

Ақан Жүнісов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның құрметті құс өсірушісі

– Бүгінде студенттерімізге малдан алынатын өнімдерді заманауи тәсілмен ұштастырып, аз ғана шығынмен мол пайда табуды үйретіп жатырмыз. Болашақта жануарларды қолдан ұрықтандыру, трансплантациялық жұмыстар, малға керекті азықтарды дайындау осы мамандардың мойнында. Мал тұқымдарын асылдандырып, селекциялық жұмыстар жандандырсақ, бізде аз ғана малдан көп өнім алуға болады.

Бүгінде астық пен дәнді дақылдар шығымдылығын арттырып, мал шаруашылығы мен ет экспорты әлеуетін дамыту президентіміз қойып отырған басты тапсырмалардың бірі. Аталған салаларды жандандыруға жыл сайын ел қазынасынан миллиардтаған қаражат құйылып, мемлекет тарапынан көптеген қолайлы жағдайлар жасалуда.

Ақан Жүнісов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның құрметті құс өсірушісі

– Үкімет тарапынан ауылшаруашылығына қаржылай көмек көрсетілуде. Мал шаруашылығы мен ет экспорты әлеуетін дамыту қамында ауылға “Сыбаға”, “Құлан” деген көптеген бағдарламалар бағытталды. Оған берілетін несиенің жарты пайызы субсидияланады. Қарызды төлеу алдында қаржы институттары 2-3 айға үзіліс береді. Енді елдің пысық жігіттер сол мүмкіндікті орынды пайдалану қажет. Бұл мал санының көбеуіне көп себептеседі.

Ақан Жүнісовтың айтуынша, Қазақстан соңғы 2 жыл көлемінде ішкі нарықты толығымен тауық жұмыртқасымен қамтамассыз етуге қол жеткізді. Ал, құс етінің 60-70 пайызын әлі де сырттан тасудамыз. Сондықтан Ақан Жүнісов Еуразиялық бірлестіктегі елдермен тереземіз тең болу үшін осы бастан құс, жылқы және қара мал етінің импорты тәуелділігінен арылып, елдегі азық-түлік қауіпсізідігін басты орынға қоюымыз керек дейді.

Берик Касен.