МТРА жаңалықтары

Жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуына орай оқушылармен кездесу өтті

Ләззат Ерғожина – И.Шухов атындағы кітапханасының №2 филиалының меңгерушісі

– Осы датаға орай біздің кітапхана Ілияс Есенберлин күнін өткізуде. Бағдарламада “тарихи сана” атты бір кітап көрмесі құрылды. Бұл кітап көрмесінде біз қазақ халқының өткен күні мен бүгініне мол мәлімет беретін “Көшпенділер” трилогиясына арналған.

“Көшпенділер” трилогиясында 15-19 ғасыр аралығындағы қазақ хандығы суреттеледі. Үш бөлімнен тұратын шығармада хандықтың құрылуы мен кейінгі тақ үшін талас, қазақ руларының бірлесуі идеясы суреттеледі. Әрине, бір сағат ішінде тарихи туындыны толығымен баяндап беру мүмкін емес. Дегенмен де, оқушылар жазушы шығармасымен қысқаша танысып шықты.

Жалпы қазақ ақын-жазушыларының ішінде Ілияс Есенберлин ең көп романдар жазып қалдырған. Әсіресе, қаламгердің “Ғашықтар”, “Алтын құс” және “Аманат” романдары оқырман сүйіп оқитын туындылар.

 

 

Бакыт Садуакасов.