МТРА жаңалықтары

Сақтық шараларын ұмытпаған абзал

Рүстем Жұмағалиев – СҚО ТЖД бірыңғай диспетчерлік қызмет басқармасының бастығы

– Қысқы мезгілде жолға шығарда, жаңалықтардан немесе смс хабарлама арқылы ауа райының өзгеретіндігі жайлы ақпаратты алсаңыз, онда сапардан бас тартыңыз. Ал егер алда-жалда жолда қалып қойсаңыз міндетті түрде 112 нөміріне хабарласып, қай жерде тоқтап қалғаныңызды хабарлаңыз. Жолға шыққанда жылы киім, шамалы болсын азық-түлік қоры мен жанар-жағармайды алып жүрген абзал.

Бұл күні құтқарушылар тек жолдағы жағдайды ғана айтып қоймай, алда келе жатқан православтықтардың «Крещение» мейрамында қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін де ескертті. Облысымыздың су көздеріндегі мұз қалыңдығы бар болғаны 30 см екен. Сондықтан абай болған жөн.

Виктор Держанский- СҚО ТЖД Суда құтқару қызметі бастығының орынбасары

– Мұз бетіне шыққанда, не су алуға арыққа барсаңыз кезекті сақтау қажет. Суға тек арнайы, саты орнатылған орындарда түсіп, сақтық шараларын ұстану керек. Ол қардан тазартылған жер болуы шарт. Егер ішімдік ішсеңіз, онда суға түсуден бас тартқан жөн. Балаларды назардан тыс қалдырмай, қараңғыда өзен- көлге бармау қажет. Шара аяқталған соң, міндетті түрде жылы жерге бару керек.

Бұл күні арнайы дайындалған суға түсу орындарында құтқарушылар мен медицина саласының мамандары кезекшілік жүргізеді.

 

Магжан Ахмадина.