МТРА жаңалықтары

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл

Әсемгүл Қыдбекова, “Абылай ханның резиденциясы” мұражай кешенінің бөлім меңгерушісі

– Барақ ханнан, кейін Жәнібек хан, содан кейін бірнеше хандар өткен.

Қазақ хандығының тарихында әсіресе, Абылай ханның алатын орны ерекше. Үш жүзге бөлінген қазақ жерін бір орталыққа біріктірген де Абылай болатын. Сабалақ атымен жүрген батыр алғаш рет 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті. Әбілмансұр соғыста жаулардан қазақтың бірқатар аумақтарын азат етті. 1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Абылай Орта жүздің ханы етіп сайланған.

Әсемгүл Қыдбекова, “Абылай ханның резиденциясы” мұражай кешенінің бөлім меңгерушісі

–  Ел аузында ауыз біршілік жоғала бастаған кезде Абылай хан үш жүздің басын қосып, ауыз біршілікке шақырды.

Абылай мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде ғана емес, күйші ретінде де белгілі.

Әсемгүл Қыдбекова, “Абылай ханның резиденциясы” мұражай кешенінің бөлім меңгерушісі

– Ерлік жолында оның есімі ұранға айналған екен. Жорыққа шығатын кезде Абылайдың атын әскерлері ұрандатып шығатын болған. Абылай батыр ғана болып қойған жоқ.

Қазақ хандығының құрылғандығына биыл 550 жыл толмақ. Тарихты кейінгі ұрпақ білуі міндет.

Ахметова Бану