МТРА жаңалықтары

Өңірде “Қауіпсіз аула” өңірлік мемлекеттік бағдарламасының тұсау кесері өтті

Серік Едіресов – СҚО ІІД бастығының орынбасары

-Бізде қалада 1414 көпқабатты үй бар. Оған қоса жеке баспаналар бар. Онда біз бір-бір полицейден қоя алмаймыз, сол себептіде бейнебақылау орнату керек.

Жиын барысында сөз алған “Безопасный город KZ” ЖШС директоры Максим Шаныгин “Қауіпсіз аула” өңірлік бағдарламасын залда жиналғандарға таныстырып өтті. Аталмыш жоба аясында көпқабатты үйдің бір подъезіне кемінде 2 бақылау камерасы орнатылады. Құрылғы 24 сағат бойы аулада, немесе подъездің ішінде қандай оқиғалар орын алғанын жазады. Ал ол материалдар үйде орнатылған бейнетіркеушіде 2-3 апта сақталады.

Максим Шаныгин – “Безопасный город KZ” ЖШС директоры, Алматы қаласы

– Статистика бойынша қылмыстардың 20 пайызы подъездерде жасалады. Бүгінде көппәтерлі үйлерде күзетшілер болғанымен олар бейнебақылауды алмастыра алмайды. Сол себептіде біз тұрғындарға үйлерінде бейенкамераларды орнатуды ұсынамыз. Ол тегін, тек бейнебақылау жүйесінің сервистік қызмет көрсетуі үшін абоненттік төлемі айына 150 теңгеден басталады. Ал Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жалғызбасты зейнеткерлер мен бірінші, екінші топтағы мүгедектер үшін тегін. Қазіргі уақытта біздің Петропавлда филиалдарымыз жоқ, алдағы уақытта ашуды жоспарлап отырмыз.

Пәтер иелері кооперативінің төрағалары мен төрайымдары аула мен подъездерді қорғаудың жаңа амалдарымен келісіп отыр.

Валентина Брюховец – “Пархоменко 3” ПИК төрайымы

– Бейнебақылау туралы ұсыныс мені қатты қызықтырды. Біздің үйде кішкентай балалар өте көп тұрады. Олар күнімен аулада ойын қуалайды. Балалардың қауіпсіздігі үшін бейнекамера орнатқан дұрыс деп ойлаймын. Өйткені қазіргі таңда нашақорлар, маскүнемдер мен қылмыскерлер көп.

Кездесуде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін полицияның ерікті көмекшілері және де пәтер иелері кооперативінің төрағалары облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

 

 

Риат Шони.