Ауыл шаруашылығы

Азық-түлік келісімшарт корпарациясына қарызын қайтармаған шаруа қожалықтары жауапқа тартылады

Рустам Жанатаев – «Азық-түлік келесімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ СҚО өкілдігінің директоры.

– Былтырғы жылдың қыркүйек айынан бастап біз ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен жалпы сомасы 9,5 миллиард теңгеге, 265 мың тонна астық сатып алдық. Бұл яғни 3-ші, 4-ші, 5-ші кластағы сары алтын мен арпа. Қабылдау жұмыстары негізінен әлі де жалғасын табуда. Мұнымен қоса өңірде шаруа қожалықтарын қолдау бағытында қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырып жатыр. Несиеге 37 мың тоннадан астам тұқым беруді жоспарлап отырмыз.

Бүгінгі күні облыста азық-түлік келісім-шарт корпорациясына қарызын қайтармаған 13 шаруа қожалығы бар. Алдағы уақытта берешегі барлардың ісіне сот араласпақ.

Рустам Жанатаев – «Азық-түлік келесімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ СҚО өкілдігінің директоры.

– Былтыр көктемде 1,5 миллирд теңгеге 100-ден атсам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қайта қаржыландырған болатынбыз. Бұл қаражаттың 1 миллиар 200 мыңы бүгінгі күні мемлекетке қайтарылды. Қалғандары жақын арада есептеседі деп ойлаймын. Жағдайларына қарап несие мерзімін ұзартамыз. Ал тіптен төлемесе, істі сотқа жібереміз. Мұндай фактілер жылда орын алып тұрады.

Енді наурыз айынан бастап азық-түлік келісімшарт корпарациясы биылғы жылғы егіс науқанын уақытылы әрі сапалы жүргізу үшін жеңілдетілген несие бере бастайды. Сондай-ақ аталмыш компания қыркүйек айына дейін өңірдің барлық ұн үгу комбинаттарына арзан бағамен бидай жеткізіп тұруды жоспарлап отыр.

Джакупов Самат.