Көлік және жолдар

Жеке тұлғалар бұрынғыдай темір тұлпар үшін қосымша құн салығын төлемейтін болды

Сергей Гизберхт, СҚО ІІД тіркеу және емтихан бөлімі бастығының орынбасары

– Кедендік одақ елдеріне ортақ техникалық регламенттер қаңтардың 1-інен күшіне енді. Соған сәйкес Ресей, Белорусь және Қазақстан елдерінде евро-3, евро-4 стандарттары алынып тасталды.

Шетелден сатып алынған көлікті жерлестеріміз кәсіпкерлік мақсатта пайдалана алмайды. Және биылдан бастап ел аумағына шет елден әкелінген көліктің шыққан жылына ешқандай шектеу қойылмайды. Тек оның рөлі оң жақта орналаспауы қажет.
Мынау, Береке ықшам ауданындағы мамандандырылған ХҚКО. Мұнда күніне шаммамен 50-ден астам темір тұлпардың техникалық талапқа сайлығы тексеріледі.

Аман Тұғымбаев, СҚО ІІД Жедел криминалистика басқармасының криминалисті

– Күніне шамамен 50-ден астам машина тексеріледі. Оның жасандылығын байқаймыз. Салыстыру актісін толтырып, мөр басамыз. Одан кейін толығымен тексеріп, мамандар көлікті тіркеп, оған жаңа құжат рәсімдейді. Бізге машинаның көбі РФ-сынан әкелінуде.

Көлікті өз атына ресімдеу алу үшін жеке тұлғалар кемінде 1 күн қажет. Бұдан бөлек оның ұрланбағандығын тексеру үшін темір тұлпар сатып алынған елден сұраныс хат жібереді. Ол 1 аптадай уақыт алуы мүмкін. Ержан Мукажанов мына су жаңа темір тұлпарын Екатеринбург қаласынан сатып алған. Ол бүгін Берке ықшам ауданында орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында меншігін есепке қойып, оған жаңа нөмір алып жатыр.

Нұржан Мукажанов, қала тұрғыны

– Мен 2014 жылы шығарылған тайото королла маркалі көлігін сатып алдым. Оны жақында Ресейден жеткіздім. Кеденнен өткенде кеденшілер менен тек талон ғана сұратты. Ал қалған істі осы жерде тындырады. Мұндағылар енді көліктің тарихын тексеру мақсатында Ресейге сұраныс хатын жіберді. Оны мен 1 апта күтемін деп ойлағанмын, бірақ 2 күннің ішінде бәрі дайын болды.

Кейбір қазақстанның қалталы азаматтары шетелдік көліктерді тақымдап қана қоймай, оған қоса “001”, “002”, “700” сынды “Әдемі” нөмірлерді де сатып алып жатыр. Олардың бағасы 200 мыңнан жарты миллион теңгеге дейін жетеді. Аталмыш акция былтыр қазанның 20-сынан жүзеге асқалы жоғары сұранысқа ие көлік таңбаларын 20-ға жуық теріскейлік сатып алыпты. Одан ел қазынасына жалпы сомасы 7 млн. теңге қаражат түсті.

Берик Касен.