МТРА жаңалықтары

Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің мамандары өткен жылды қорытындылады

Бейбіт Әбілев- ҚР инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы

– Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 70 есе аз. Тексерістер саны. Өйткені өткен жылы шағын және орта бизнесті тексеруге мароторий жарияланған болатын. Сондықтан 2-ші тоқсанда оларға бірде бір тексеріс жүргізілген жоқ.

Қазір департамент негізінен заңнамаларды кәсіпкерлерге түсіндіріп, насихаттау жұмыстарымен айналысады. Жаңа жылдан бастап әкімшілік кодекске өзгерістер енгізілген екен. Оған сай енді мемлекеттік рәміздерде орын алған қателіктерге хаттаманы осы мекеме толтырмақ.

Бейбіт Әбілев- ҚР инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы

– Жаңа кодекс бойынша жергілікті органдардан бізге мемлекеттік рәміздерде кемшіліктер орын алғаны жөнінде шағым, ақпарат түсетін болса, онда әкімшілік жазалар қолданады.

Өңірде кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті өнім шығаруы турасында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Тауар сапасын жақсартуда түрлі өткізіліп жатқан байқаулардың пайдасы мол. Олардың қатарына «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» көрме- байқауын айтуға болады.

Екатерина Паршина- ҚР инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті СҚО бойынша департаментінің бас маманы

– «Алтын сапа» байқауына қатысу үшін кәсіпорындар менеджмент сапасы жүйесін енгізу қажет. Ол тауарлар мен қызмет түрлерінің халықаралық стандарттарға сай екендігін көрсетеді. Сондықтан осындай байқаулар кәсіпорындардың дамып, өнім сапасын жақсарта түсуі үшін керек.


Айта кету керек, биылғы жылы аталмыш байқауларға аудандар белсенді қатысыпты.

– Менеджмент сапасы жүйесі елімізде 2005 жылдан бастап қолға алынған. Алайда өңір кәсіпорындары оны енгізуге әлі де болса асығар емес. Бүгіндері тек 130 солтүстікқазақстандық өндіріс ошағында аталмыш жүйе пайдаланылып келеді. Жуық арада тағы 30-да ол жүзеге асырылады деп жоспарланған.

 

Магжан Ахмадина.