МТРА жаңалықтары

“Қазақтелекомның” жаңа қызметтері

Роман Лайер, “Қазақтелеком” СҚ ОТД белсенді сату орталығының басшысы

– Бұл қызмет өткен жылдың желтоқсанынан бастап енгізілді. Жаңашылдықтың қолға алынғанына көп болмаса да, Петропавлдықтар үшін танымал болып үлгерді. Екі нөмер біріктірілген сим картада стандартты мобильді номер бар. Соңғы алты цифр қалалық телефон номерімен аяқталады. Бұл абоненттік төлемдерді арзандатады. Ол таңдалған тарифтік планға байланысты. Және кіріс шығыс қоңырауларды тегін жасауға болады.

Ендігі жаңашылдықтардың бірі жалпы қолданысқа арналған LTE қызметі. Немесе оны 4G деп атайды. Бұл шектеусіз интернетті мобильді телефондарға пайдалануға мүмкіндік береді. Және Май фай арқылы да қолдануға болады.”Бағадарламалық қамтамасыз етуді жалға беру”. Бұл “Қазақтелекомның” ұсынып отырған тағы бір жаңашылдығы.

Димитрий Крель, “Қазақтелеком” СҚ ОТД заңды тұлғаларға қызмет көрсету орталығының маманы

– Компаниямыздың әрбір клинеті жеке кабинетіндегі “айдипорт кз” порталынан үйден шықпай-ақ, лицензиялық бағдарламаларды пайдалана алады. Оның ішінде мәзірдегі қызметтерді басқаруды басып, жалға ұсынуды таңдау керек. Содан соң, қажетті лицензиялық бағдарламаны тегін жүктей аласыз. Мәселен, антивирустық бағдарламалар, Файлдық-текстік редакторлар, ата-ана бақылау, сөздік тағы да басқалар.

“Қазақтелеком” АҚ ұсынып отырған қызметтер әлде қайда тиімді екендігін мұндағы мамандар да жасырмайды.

Юрий Гнусин – “Қазақтелеком” СҚ ОТД бас директоры-сауда директорының міндетін атқарушы

– Біз ұсынатын қызметтеріміздің түрлерін жетілдіруді жалғастырып жатырмыз. Алдағы уақытта “Ата-ана бақылауы” қызметін ұсынбақпыз. Бұл балалардың интернетті пайдаланғанда өзге сайттарға кіруін шектеуге мүмкіндік береді. Осылайша жеткіншектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.

Сонымен қатар, “Қазақтелеком” арқылы жасалатын төлемдерді жеке кабинет арқылы да жасауға болады.

Ахметова Бану.