МТРА жаңалықтары

“Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” салымшылары артып келеді

Әмір Нұрмұқанов, “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ сектор меңгерушісі

– Банктің салымшысы атанау үшін төл құжат әкелу керек. Есеп шотты 3 жылдан 15 жылға дейін ашыға болады.

Бүгінгі күні банктің 15 мыңнан астам салымшысы бар. Олардың 3-4 класстағы баспана алуға мүмкіндіктері бар. Үйлердің бір шаршы метрі – 100 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, өзге қаржы институттарынан алған ипотекалық займды осы жерде қайта қаржыландыруға болады. Күн сайын мұндағы қызметкерлер орташа есеппен алғанда 50 адамға қызмет көрсетеді. Мамадияр Байғұловтың осы банктің салымшысы атанғанына 8 жылдан асқан. Ол аталған қаржы институтының әлде қайда тиімді екендігін айтуда.

Мамадияр Байғұлов, салымшы

– Бұл банк тиімді. Үкімет жыл сайын жинап жатқан соммаңа 20 пайыз қосып отырады.

Жаңа жылдан бастап “Қол жетімді баспана -2020” бағдарламасы “2020 жылға дейін өңірлерді дамыту” атты жаңа жобаға енгізілді. Дегенмен, банк қызметкерлері бұл бағыттағы жұмыстарды доғарған жоқ.

Райхан Әбдірахманова, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ директоры

–  Үкіметтің қаулысы бойынша 2014 жылдың 28 шілдесінде “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы енгізілді. Оған “қол жетімді баспана”, “Ақ бұлақ”, “моноқалаларды дамыту”, “тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту” бағдарламалары да кірді. Сондықтан алдағы уақытта да “Қол жетімді баспана -2020” мемлекеттік жобасы аясында жоспарланған істер ары қарай жүзеге аса бермек.

Жыл басынан 80 солтүстікқазақстандық банктің салымшысы атанып үлгерген. Статистикаға сүйенсек, соңғы 9 жылда қаржы институты 2 мың несие берген. 800 ден астам адам пәтерге ие болған.

Ахметова Бану.