МТРА жаңалықтары

Қазақстан – бейбітшілік пен ұлтаралық келісімнің бесігі

Сергий- протоиерей, Петро-Павл соборының настоятельі

– Әрине біз әртүрліміз. Бірінің шашы қара, енді бірінікі ақшыл. Бет- пішіні әртүрлі. Діни ұстанымдарымыз да бөлек. Бірақ осы барлығымызды біріктіретін күш бар. Ол тұрып жатқан ортақ үйіміз- Қазақстан. Менің ойымша, осы әлемге келдің бе, ендеше барлығы туысқан, бауырлас адамдар. Сондықтан мен көптеген елдерде болып жатқан кикілжіңдер, бізде орын алмаса екен деп тілмеймін.

Этносаралық және конфесияаралық татулықты сақтауда Ассамблеяның алар орны ерек. Институт елімізді мекендеген ұлттардың отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, достықты нығайтуға жұмыс жасап келеді. Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелігінде Петро-Павл соборының настоятельі 15 жыл болған. Халықтың мызғымас бірлігін сақтайтын бірегей институттың 20 жылдығы қарсаңында оған төсбелгі табысталыпты.

Сергий- протоиерей, Петро-Павл соборының настоятельі

– Ассамблея сынды татулықтың символына айналған ұйым атынан марапатталып жатқаныма қуаныштымын. Жалпы бұл менің ғана емес, барлық православ сенімдегілердің еңбегі деп білемін.

Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында аз ғана уақыт ішінде Қазақстан әлемдік қауымдастықтың алдыңғы көшіне орнықты. Бүгінде ынтымақтастықтың ошағы жағылып, тұрақтылықтың туы тігілген елімізде тұратын халықтың тілегі бір, ол осы татулықты ұрпақтан ұрқпаққа мұра етіп қалдыру.

 

Магжан Ахмадина.