МТРА жаңалықтары

Биыл Петропавл қаласын қардан аршу жұмыстарына жергілікті қазынадан 160 млн. теңге бөлінді

– Мен 20-шы шағын ауданда тұрамын. Онда коммуналдық қызметкерлер күнде жауған қарды шама-шарқынша күні-түні тынбай тазалап тұрады. Бүгін олардың жұмысы тіптен көбейетін болды.

– Менің қаланы қардан аршитын мекемелерге көңілім толмайды. Әсіресе, олар көк тайғаққа қарсы шараларды тым сылбыр жүргізеді. Автобус аялдамалары мен жаяу жүргіншілер жүретін жерге құм аралас тұз себілмейді. Салдарынан балам да, өзім де күнде сүрініп жүреміз. Оған қоса менің бір аяғымда протез. Онымен оппа қарларда жүру қиын.

Қардың жауғанына қарамастан “Су-808” ЖШС жұмысшылары кәсіпорынға тиесілі көшелерді күні-түні ақ ұлпадан тазартып жатыр. Бірақ үлгерер емес.

Денис Бондаренко, “Су-808” ЖШС жұмысшысы

– Әзірше жұмысымыз кестеге сай жүріп жатыр. Күніне 8 сағаттан жұмыс істейміз. Біздің мекемеде 2 бригада бар. Оның бірі түнгі ауусымда жұмыс істейді. Күніне қала сыртына 70, 80 камаз қар шығарамыз.

Бүгінде қаланы қардан тазарту жұмыстарына 6 кәсіпорынан 139 бірлік техника мен сонша жұмысшы жұмылдырылған.

Мирас Сабағанов, Петропавл қаласы “ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары” ММ бас маман

 

– Қыс мезгілі қаланы қардан аршу жұмыстарына жергілікті қазынадан 160 млн теңге бөлінді. Бүгінде облыс орталығында барлығы 92 көшені 6 кәсіпорын тазалайды. Қыс басталғалы олар осыған дейін қала сыртына 262 мың текше метр қар шығарды.

Қар тазалаушы 6 мекеме облыс орталығының негізгі көшелері мен жолаушылар көлігі жүретін бағыттарды тазартысымен, қаланың шеткері аудандарына көшеді.

Берик Касен.