Қоғам

2014 жылы 2187 петропавлдық тұрғын некесін қиған

– Қазіргі жастардың көбі заңды некеден гөрі, азаматтық некеге тұрғанды жөн санайды. Сөйтіп, жауапкершіліктен қашады.

– Менің ойымша, жастарда жұмыс жоқ. Және де жұмыс болса да табатын табыстары аз. Оған қоса пәтер жалдау жағы да қиын.

Жалпы, Петропавл қалалық Әділет басқармасы мамандарының сөзінше, 2014 жылы облыс орталығында 2187 жұп некеге тұрған. Дегенмен, осы уақыттың ішінде 1000-нан аса шаңырақ шайқалып, жас жұбайлар ажырасып кеткен. Сөйтіп, 2013 жылмен салыстырғанда, некеге тұру мен мен оны бұзу фактілері азайғандығын байқауға болады. 2013 жылы 3520 бала дүние есігін ашса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 3621-ге жеткен.

Нұржан Кәдөш – Петропавл қалалық әділет басқармасының басшысы

– 2014 жылы 49 бала асырап алынды, бұл 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда сәл жоғары. Оған қоса, 528 балаға қатысты әкелік құқықтар белгіленді.

Мұнан бөлек, өтіп кеткен жылы 2775 облыс тұрғыны көз жұмған. Ал 93 петропавлдық аты-жөндерін өзгертуге өтініш білдіріпті.

Нұржан Кәдөш – Петропавл қалалық Әділет басқармасының басшысы

– 2014 жылы қалалық әділет басқармасындағылар, 9959 тіркеу актілерін толтырса, соның 3621-і туу туралы акті. Сонымен қатар мұрағат қызметкерлері 2547 тұрғынға туу туралы куәліктің көшірмесі мен 1273 растау-анықтамасын берген.

Бакыт Садуакасов.