Мәдениет

Жерлес әнші Ильдар Сисанбаевтың шығармашылық кеші өтті

тегідей солтүстікқазақстандық тыңдармандарға өзінің жеке ән кешін өткізуде.

Ильдар Сисанбаев – “Дослық” татар-башқұрт орталығының әншісі, концертті ұйымдастырушы

– Шығармашылық кешіме Татарстаннан көптеген әншілер келіп отыр. Концертте біз халықтың жадында сақталған әуендерді шырқаймыз. Көрермендер бізбен бірге қосыла шырқап, ескі туындыларды естеріне алады. Концерттік бағдарламамыздың бағыты да жан-жақты.

Ең алдымен, мерекелік кешке жиналғандар алдында Қазақстан Халқы Ассамблеясы облыстық филиалының төрағасы сөз сөйлеп, биылғы жылдың қазақстандықтар үшін айтулы оқиғаларға толы екендігін атап өтті. Биыл Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толмақ. Сондықтан да бұл концерт жыл бойына өтетін шаралардың бастауына айналды. Көп ұзамай, көрермендер асыға күткен концерт басталып та кетті.

Сахна шымылдығы Татарстанның Қазан қаласынан келген “Бұлғар қызлары” ұжымының татар халық жырынан алынған “Алматының алмасы” атты әнімен ашылды. Топтың қайта құрылғанына көп бола қоймаса да, репертуарындағы әндері жетерлік.

Айгул Зайнуллина – “Бұлғар қызлары” вокалдық-триосының көркемдік жетекшісі, Қазан қаласы, Татарстан

– Біз өзіміздің досымыз Ильдар Сисанбаевты осындай маңызды күні құттықтап, қолдауға келдік. Репертуарымыздағы әндерге келер болсақ, негізінен татар және орыс тілдерінде ән шырқаймыз. Көремендерге жақсы көңіл күй сыйлаймыз деген үміттемін.

Сондай-ақ, бұл кеште көпке танымал татар әншісі Мақсют Юлдашев те сахна төрін ажарландыра түсті. Жергілікті тыңдармандарға да бұл орын
даушының әндері бұрыннан таныс.

Бұл татарстандық өнер иесінің солтүстікқазақстан жеріне алғаш келуі емес. Сондықтан ол көрермендер ықыласына бөленіп үлгерген. Репертуарында халық әндерінен бөлек заманауи шығармалар да баршылық.

Мақсют Юлдашев – әнші, Қазан қаласы, Татарстан

– Менің репертуарымдағы туындылардың дені – халық әндері. Бүгінгі кеште осы шығармалардың ішінен тыңдармандар үшін сүйіктілерін орындаймын. Солтүстікқазақстандық әнші Ильдар Сисанбаев шығармашылық кешіне шақырғанда ойланбастан бірден келістім.

3 сағатқа жалғасқан концерт көрермендердің көңілінен шықты.

– Концерт тамаша өтті. Жиі өтіп тұрса, жақсы болар еді”.

– Ильдар Сисанбаевтың осындай кеш өткізгендігіне алғысымды айтамын. Әсіресе, халық әндері көңілімнен шықты.

 

Бакыт Садуакасов.