Білім

Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі қорытындыланды

Гүлдарай Қайнетова – СҚО Білім басқармасы жанындағы «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар» орталығының директоры.

 

– 1-ші орынды – 15 оқушы, 2-ші орынды 69 және 3-ші орынды 98 бала өзара бөлісті. Әбу Досмұхамбетов атындағы гимназия интернаты, ЛОРД мектеп-лицейі, қазақ-түрік лицейі, БЭСТ гимназиясының оқушылары жақсы жетістіктер көрсетті.

Арай Молдабаева Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы. Олимпиада да ол тарих пәнінен сынға түскен екен. Өңірдің мықтылары бас қосқан дода да Арайдың бағы мен бабы қатар шауып, 1-ші орынды иеленді.

Арай Молдабаева – Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы.

– 1-ші орын алып отырмын. Былтырғы жылыда облыстық деңгейде 2-ші орынға ие болып, Шымкент қаласында өткен республикалық сайыста 3-ші орынды жеңіп алған болатынмын. Менің ойымша осындай олимпиадалар оқушылардың зейінін арттырады.

Қазақ-түрік лицейі қазіргі таңда өңірдегі алдыңғы қатарлы білім ошақтарының бірі болып саналады. Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне аталмыш оқу ордасынан барлығы 58 оқушы қатысқан. Оның тең жартысы түрлі орындарды жеңіп алды.

Ержан Әубәкіров – Облыстық дарынды балаларға арналған Қазақ-түрік мектеп – лицейінің директоры.

– 58 баланың 29 -ы, яғни 50 пайызы түрлі орындарды алып отыр. Жылдағы нәтижелермен бірдей. Негізі олимпиадаға дайындық нағыз қиын жұмыс. Өйткені бұл 1- 2 айлық ғана жұмыс емес, жылдар қажет. Балалардың мұндай нәтижеге жетулеріне мұғалімдердің де қосқан үлесі зор.

Аталмыш олимпиаданың жаратылыстану математика бағыты бойынша республикалық кезеңі наурыз айының 15-мен 18-і аралығында Орал қаласында өтпек. Ал қоғамдық гуманитарлық бағыты Атырау қаласында наурыздың 24 мен 29 аралығында ұйымдастырылады. Айтулы білім додасында Солтүстік Қазақстан облысының намысын барлығы 30-дан астам оқушы қорғайтын болады.

Джакупов Самат.