МТРА жаңалықтары

“Дипломмен ауылға” бағдарламасының шарапатын көрген жас мамандар

Руслан Закирин, №1 Явленка орта мектебінің АӘД пәнінің оқытушысы

– Мен аталған мектептің түлегімін. Жоғарғы оқу орнын бітіріп, осы жерге жұмысқа орналастым. “Дипломмен ауылға” бағдарламасы бойынша 112 мың теңге көтерме ақы алдым. Жас маман үшін бұл үлкен көмек. Және ауылдық мектептерде қаладағы оқу ошақтарына қарағанда жалақымыз 25 пайызға артық.

Жас маманның мұнда еңбек етіп жатқанына 4 жылдай болыпты. Бүгін 25-ші туған күнін жұмыс орнында 10 сынып оқушыларымен қарсы алды. Бұл жастағы оқушылармен тіл табысу оңай емес. Русланға тәжірибесі мол әріптестері әр дайым көмектеседі екен.

Руслан Закирин, №1 Явленка орта мектебінің АӘД пәнінің оқытушысы

– Мектепте еңбек істеуге жағдай жасалған. Әріптестерім ылғида көмектесіп отырады. Өзіме оқушыларға сабақ берген ұнайды. Оларды алғашқы әскери дайындыққа үйретуде жаңа әдістерді қолдануға тырысамын.

Аталған оқу орнында бүгінгі күні 458 оқушы білім алуда. Оларды 65 мұғалім білім нәрімен сусындатуда. Ал, жалпы соңғы жылдары Есіл ауданына “Дипломмен ауылға” мемлекеттік бағдарламсы бойынша 50-ге тарта маман жұмысқа келген.

Нұршахара Мәлікова, Есіл аудандық білім бөлімінің кадрлар бойынша әдіскері

– Биылғы жылы 23 маман келді. Оның 13-і жоғарғы білімді болса, қалған 10-ы орта білімді. Өткен жылы 20 жас маман келген болатын.

Дей тұрғанмен аталған ауданда маман тапшылығы байқалады. Атап айтсақ, математика, ағылшын тілі, логопед, физика пәндерінің ұстаздары қажет.

 

Ахметова Бану.