Денсаулық сақтау

«Үй дәрігері» сериясындағы құрылғылар көрмесі

Батима Сайдалинова- Елатом құрылғылар зауытының менеджері

– Алмаг” тірек-қимыл және жүрек, қантамырлар жүйесін, тамыр кеңеюі, асқазан-ішек жолдарын, невралгия сияқты қауіпті дерттердің алдын-алу үшін шығарылған. Оның көмегі зор.

Ал мына құрылғы күзгі-қысқы науқанда таптырмайтын аппарат болмақ. Өйткені нақ осы кезде ауа райы құбылып, суық тиіп қалу мүмкіндігі артады. «Унилор» аппараты жылытады. Сол арқылы адамға ем дариды. Бұл құрылғыны жүкті әйелдерге де, кішкентай балаларға да қолдануға болады.

Батима Сайдалинова- Елатом құрылғылар зауытының менеджері

– «Унилор» құрылғысы жоғарғы дем алу жолдарында туындайтын гайморит, ренит, атит тағы басқаларын емдеуге жарайды. Оны күніне 2-3 рет 10-15 минуттан қолданады. Әрине аурудың деңгейіне байланысты.

Жалпы көрмеде 10- ға жуық аппарат қойылған. Қолданылуы қарапайым құралдардың пайдасы мол. Айталық, “Мавит” құрылғысы жылу, магниттік өріс және вибрация көмегімен емдейді. Оған көбіне ер адамдар жүгінеді.

Батима Сайдалинова- Елатом құрылғылар зауытының менеджері

– Ол блок пен мына бөлшектен құралады. Өте қарапайым. Оны 10 күн бойы 30 минуттан пайдаланады.

Аппараттарға зауыт 2 жылдық кепілдік береді. Ал көрмеде олар жайлы толық ақпаратты алуға болады. Үй дәрігері сериясындағы құралдарды қаңтардың 12-сі мен 15-і аралығында Қазақстан Конституциясы көшесі 2 мекен жайы бойынша орналасқан «Сердечная» дәріханасында алуға болады.

Магжан Ахмадина.